Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Бағдарламаның негізгі бағыттары: 
-
білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту; 
-
барлық деңгейдегі білім беру мазмұнын жаңғырту; 
-
білім мен ғылым инфрақұрылымын дамыту және цифрландыру; 
-
білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін трансформациялау; 
-
ғылыми-зерттеу қызметін жаңғырту. 
Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске 
асырылуда. 2015 жылы республика Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты 
даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға 
арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін Төртінші 
мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі 
білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз 
ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын 
дамыту, арзан және сапалы ТжКБ және жоғары білімнің тең қолжетімділігі. Аталған бағыттар 
қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым бағыттар болып табылады. 
2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі бейінді комитеті – Білім беру саясаты комитеті 
мен Ғылыми және технологиялық саясат комитетінің мүшесі болды, бұл қазақстандық білім 
беру жүйесі жетістіктерінің халықаралық деңгейде танылғанын білдіреді. 


Білім мен ғылым жүйесін озық отандық және әлемдік тәжірибеге сәйкес одан әрі 
дамыту бағытында шұғыл шараларды іске асыру қажет. Мысалы, ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен 
әріптестердің саясатына жасалған шолуға (Education Policy Outlook 2018) сәйкес, білім 
берудегі мемлекеттік саясаттың басты назары алты салада шоғырланады: (1) теңдік және сапа, 
(2) білім алушыларды болашақта өмір сүруге дайындау, (3) білім беру ұйымдарын жетілдіру, 
(4) бағалау жүйесі, (5) басқару және (6) қаржыландыру. Осыған орай елдер даму деңгейіне 
және қолда бар мүмкіндіктерге байланысты өздерінің күш-жігерін аса маңызды міндеттерді 
шешуге бағыттайды.
Аталған салалар шеңберінде көптеген елдер келесі басымдықтарды белгілейді: 
-
отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан білім алушылардың 
мүмкіндіктерін теңестіру; 
-
бітірушілердің дағдыларының экономика талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету; 
-
педагогтердің кәсіби даму деңгейі және жоғары мәртебесі; 
-
кадрларды даярлауға жұмыс берушілерді тарту; 
-
білім беру жүйесін және білім беру ұйымдарын бағалау; 
-
басқарудың тиімді құрылымын құру; 
-
мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнату; 
-
қаржы ресурстарын тиімді пайдалану. 
Халықаралық деңгейде берілген бағаны және тәжірибені, қабылданған міндеттемелер 
мен қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, Қазақстанның таяудағы 6 жылда білім және 
ғылым сапасын жақсартуға бағытталған түбегейлі шараларды қабылдауы қажет. Осыған орай 
Бағдарлама негізгі айқындалған проблемаларды шешуге, білім мен ғылым жүйесінің бәсекеге 
қабілеттілігін арттырып, ЭЫДҰ елдерінің озық тәжірибесіне жақындау үшін білім және 
ғылыми жүйесін дамытуға бағытталған. 
Білім және ғылым сапасын жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру нәтижесінде 3-6 
жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуға, 3 
ауысымда оқытуды жоюға, ауылдық жерлерде тірек мектептерді интернаттармен 100% 
қамтамасыз етуге, 150 және одан да көп оқушы оқитын мектептерде дене шынықтырумен және 
спортпен айналысу үшін жағдай жасауға қол жеткізу, кабинеттер мен мұғалімдерді 100% 
компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, 180 тірек колледжін заманауи жабдықтармен және 
бағдарламалармен 100% қамтамасыз ету, жоғары білімді қаржыландыруды 2 есеге, ғылымды 
қаржыландыруды 7 есеге (43 млрд. теңгеден 358 млрд. теңгеге дейін) арттыру күтілуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет