функциясы бойынша жұмыс беруге, Еңбек кодексінде,
Қазақстан Республикасының
заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде,
ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге,
жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
Ереже –
белгілі бір мемлекеттік органның мәртебесі мен
өкілеттіктерін айқындайтын
нормативтік құқықтық акт.
Қағидалар –
белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін
айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Білім беру бағдарламасы –
оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру
процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқу нәтижелерін
бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты –
әрбір білім беру деңгейі
бойынша оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына, білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің
ең көп көлеміне, білім алушылардың даярлық
деңгейіне, оқу мерзіміне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын құжат.
Достарыңызбен бөлісу: