Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
 
Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі 
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі: 
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құқықтарының 
сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық 
көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады; 
2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу 
туралы ұсыныстар әзірлейді
3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; 
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық 
азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды жетілдіру 
бойынша ұсыныстарды әзірлейді
5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге 
қатысады және оның мақсатқа сай жұмсау туралы шешім қабылдайды; 
6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыруға қатысты ұсыныстар әзірлейді


7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы 
органға Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою 
туралы ұсыныстар енгізеді; 
8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу 
қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі; 
9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде 
білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық 
азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды 
орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды; 
10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, 
семинарларға қатысады; 
11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және 
тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологін 
қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі. 
Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 
жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады. Қамқоршылық кеңестің отырысы 
қажеттілігіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі. 
Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысушы мүшелердің 
басым даусымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда, Қамқоршылық кеңестің 
төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын 
тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық 
мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді. 
Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату: 
1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы 
органдардың бастамасы бойынша; 
2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге 
асырылады. 
Қамқоршылық кеңестің мүшесі: 
1) өз бастамасымен; 
2) отырыстарға себепсіз қатарынан үш рет қатыспауына байланысты Қамқоршылық 
кеңестің құрамынан шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет