Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Педагогикалық кеңестің құрамы және оны сайлау тәртібі



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Педагогикалық кеңестің құрамы және оны сайлау тәртібі 
Педагогикалық кеңестің құрамына білім беру ұйымдарының барлық педагогтері кіреді. 
Педагогикалық кеңес өз құрамынан бір оқу жылы мерзіміне төрағаны, хатшыны 
сайлайды. 
Педагогикалық кеңестің құрамы білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бір 
оқу жылына бекітіледі. 
Білім беру ұйымындағы педагогикалық кеңестің отырысына педагогикалық кеңестің 
мүшелері шақырылады. Қарастырылатын мәселеге сәйкес қамқоршылық кеңестің, ата-аналар 
комитетінің мүшелері, білім беру ұйымдарына қарасты медициналық пункт қызметкерлері, 
сондай-ақ білім алушылардың ата-аналары шақырылады. 
Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі 
Педагогикалық кеңестің жұмысы бір оқу жылына әзірленетін және білім беру ұйымының 
басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.
Педагогикалық кеңестің отырысы жоспарлы (жылына кемінде 5 рет) және жоспардан 
тыс (туындаған проблемаларды талдауды, оларды еңсеру жолдарын пысықтауды, рұқсат 
берілетін жүктемені анықтауды, оқыту режимі мен нысанын өзгерту қажеттігін қарастыратын, 
педагогтердің немесе ата-аналардың сұраныстары бойынша ұйымдастырылады) болып 
бөлінеді. Педагогикалық кеңестің барлық мүшелерінің 1/4 ұсынысы бойынша педагогикалық 
кеңестің жоспардан тыс отырысы өткізіледі. 
Отырысты өткізуге дайындық отырыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) күнтізбелік күннен 
кешіктірілмей жоспарланады. Білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тікелей жұмыс 
жүргізетін қызметкерлер отырыс өткізілгенге дейін 3 (үш) жұмыс күн қалғанда хатшыға тиісті 


құжаттарды ұсынады. Педагогикалық кеңес отырысының уақыты, орны және тәртібі мектеп 
әкімшілігімен келісіледі. 
Педагогикалық кеңестің шешімі дауыс берушілердің жалпы санының көпшілік 
дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауысы шешуші болып 
табылады. Педагогикалық кеңестің құзыреті шегінде қабылданған және заңнамаға қайшы 
келмейтін шешімдері орындауға міндетті болып табылады. 
Педагогикалық кеңестің отырысы бойынша хаттама шығарылады. Хаттамаға кеңестің 
төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі 
және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында 
төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы қорытынды 
шығарады.
Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен 
тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және білім беру ұйымы басшысының қолымен 
бекітілген болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет