Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес өз құзыреті шегінде: 
1) өз отырыстарында педагогтер мен қарастырылатын мәселелерге қатысы бар 
тұлғаларды тыңдайды;
2) білім беру ұйымының алдында тұрған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, 
материалдарды және ақпаратты сұратады;
3) педагогтер мен қаралып отырған мәселелерге қатысы бар адамдардан түсіндірме және 
(немесе) түсініктемелер талап етеді;
4) педагогикалық әдепті бұзу фактілеріне тексеріс жүргізу туралы білім беру ұйымының 
басшысына ұсыныстар енгізеді; 
5) білім беру ұйымының басшысына еңбек тәртібін нығайту, педагогикалық әдептің 
бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) білім беру ұйымы басшысының қарауына педагогикалық әдепті бұзғаны үшін 
жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
7) Кеңестің ұсынымдарын тиісті түрде қарастырмаған білім беру ұйымының лауазымды 
тұлғаларының жауапкершілігін қарау туралы ұсыныстармен құзыретті мемлекеттік 
органдарға немесе тиісті лауазымды тұлғаларға жүгінеді.
8) тараптарды татуластыру бойынша жұмыс жүргізеді. 


Кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Кеңес төрағадан, хатшыдан және 
Кеңестің басқа да мүшелерінен тұрады. Кеңес мүшелерінің саны тақ болуы және 7 адамнан 
кем болмауы тиіс (кеңес хатшысын есептемегенде). 
Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңеске білім басқармаларының (бөлімдерінің) 
өкілдері, білім беру саласында қызметін жүзеге асыратын кәсіподақтардың және (немесе) 
үкіметтік емес ұйымдардың және (немесе) қоғамдық бірлестіктердің өкілдері; кемінде екі 
педагог; құрметті демалысқа шыққан педагогтер кіреді. Білім беру ұйымының басшысы, білім 
беру ұйымының басқарушылық, әкімшілік, қосалқы персоналының қызметкерлері, осы білім 
беру ұйымының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің ата-аналары Кеңес құрамына 
оның мүшелері ретінде енгізілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет