Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1) темперамент туралы түсінік. Темперамент туралы ілімдер.
2) темперамент түрлерінің жалпы сипаттамасы.
3) мінез туралы түсінік.
4) мінезді зерттеудің теориялық тәсілдері.
5)мінезді қалыптастыру мәселесі.
6) тұлғаның қабілеттері туралы түсінік. Қабілеттердің табиғаты.
7) тұлғалық қабілеттердің даму деңгейлері.
Сабақты өткізу форматы: тәжірбиелік сабақ теориялық материалдарды меңгеруге,коммуникативтік дағдылардың бастапқы деңгейін қалыптастыруға ықпал ететін тәжірбиелік жаттығулар мен психологиялық –коммуникативтік тапсырмаларды орындау түрінде өткізеді. Тапсырмалар теориялық дайындық шеңберінде алынған білімді студентке СӨЖ сағаттарында ақпаратты талдау және синтездеу арқылы қолдануға мүмкіндік береді.
ҚО кезінде: оқу сабағы нақты уақыт режимінде "on-line" бейнеконференция форматында (ZOOM/Microsoft Teams) өткізіледі, сілтеме студенттерге корпоративтік поштаға жіберіледі.
Бақылау: Бағалау-формативті (кері байланыс ретінде; оқытушымен тіркеледі)
БӨОЖ бақылау: Әдебиеттік дерек көздері және БӨЖ тапсырмасының орындалу мазмұны бойынша туындаған сұрақтарды талдау,толықтылығы мен сапасы туралы оқытушымен кері байланыс алу.
ҚО кезінде: кеңес уақыт режимінде "on-line" бейнеконференция форматында (ZOOM/Microsoft Teams) өткізіледі, сілтеме студенттерге корпоративтік поштаға жіберіледі.
БӨОЖ бақылау:баға қойылмайды, бірақ БӨЖ тапсырмасының мазмұнына тақырып бойынша,сондай –ақ аралық және қортынды жұмысқа кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |