Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар: Термодинамиканың бірінші бастамасы. (энергияның сақталу заңы) Химиялық реакцияның жылу мөлшері Термохимиялық теңдеулер. Энтальпия. Лавуазье-Лапласс заңы. Гесс заңы және одан шығатын салдарлар.
Термодинамиканың екінші бастамасы. Энтропия. Гиббстің бос энергиясы процестердің өздігінен жүру критерийі ретінде. Энтальпиялық және энтропиялық фактор.
Тірі жүйелер термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлық күйінің сипаттамасы.
Химиялық реакциялар жылдамдығы. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар.
Реакцияның молекулалығы және реті. Реакция ретін анықтау тәсілі. Түрлі ретті реакциялардың кинетикалық теңдеулері мен кинетикалық қисықтары.
Жартылай реакция уақыты. Нөлінші және бірінші ретті реакциялар үшін жартылай реакция уақытының концентрацияға тәуелділігі. Жартылай ыдырау кезеңі.
Ферментативті катализ. Михаэлис-Ментен теңдеуі, оны талдау. Субстрат және фермент бойынша ферментативті реакцияның реті.
Ферментативті катализ ерекшеліктері. Активтендіру энергиясы. Биохимиялық реакциялардың жүруіне температура мен орта қышқылдығының әсері.
Ле-Шателье принципі. Әрекеттесуші заттардың және өнімдердің концентрациясының, температураның, қысымның өзгерісінің әсерінен химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Адаптивті қайта құру принципі.
Сабақты жүргізу форматы: Ауызша сұрау; тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, жаттығуларды орындау, жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша): 1. (а) Ашық, жабық және оқшауланған жүйелерге ; (б) гомогенді және гетерогенді жүйелерге мысалдар келтіріңіз. Не себепті бұл мысалдарды келтіріп отырғаныңызды түсіндіріңіз.
Келтірілген термодинамикалық жүйелерді сәйкес топтар бойынша бөліп жазыңыз группам (бір жүйе бірнеше топқа жатуы мүмкін): ішіне қайнаған су құйылған пиала; сорпа құйылған беті жабық ыдыс; кофе құйылған термос; бүкіл әлем, қант қосылған шәй, тірі ит, өсімдік, адам.
Ашық термодина-микалық жүйе
Жабық термодина-микалық жүйе
Оқшауланған термодина-микалық жүйе
Гомогенді термодина-микалық жүйе
Гетерогенді термодина-микалық жүйе
2. Судың түзілу реакциясының стандартты энтальпиясы -286 кДж-ге тең. Оның ыдырауының энтальпиясы нешеге тең болады? Неліктен?
Глюкозаның аэробты ыдырау реакциясын келесі қосынды теңдеу арқылы өрнектеуге болады:
С6Н12О6(aq) + 6О2(г) → 6СО2(aq) + Н2О(с). Кестедегі мәндерді пайдалана отырып берілген реакцияның энтальпиясының, энтропиясының, Гиббс энергиясының өзгерісінің мәндерін есептеңіз. Бұл реакция экзотермиялық болып табылады ма? Бұл реакция өздігінен жүреді ме? Гиббс энергиясын есептеудің екі тәсілін келтіріңіз.
Зат және оның күйі
Δ Hoтүз., 298,15 кДж/моль
So, 298,15 Дж/(моль К)
ΔGoтүз., 298,15 кДж/моль
С6Н12О6(aq)
-1263,8
269,5
-917,0
CO2(г)
-393,5
214
-394,4
CO2(aq)
-413,6
121
-386
O2(г)
0
282,4
0
H2O (г)
-241,82
161,0
-228,61
H2O (с)
-285,83
70,08
-237,25
Реакцияның Гиббс энергиясын есептеу арқылы медицинада наркоз үшін қолданылатын азот (I) оксиді ауадағы оттектің әсерінен улы азот ((II) оксидіне дейін тотығуы мүмкін немесе мүмкін емес екендігін анықтаңыз. Гиббстің бос энергиясының мәні газ тәрізді азот оксиді (I), азот оксиді (II) және оттек үшін сәйкес 103,7; 87,6; 0 кДж/моль-ге тең.
* Стандартты жағдайларда келесі процестер өздігінен жүреді ме:
б) FeO(s) + H2(g) ↔ Fe(s) + H2O(g); ΔH0r>0; ΔS0r>0
берілген реакциялардың қайсысында температураның төмендеуімен реакцияның өздігінен жүру мүмкіндігі кемиді? Дәлелдеу арқылы түсіндіріңіз.
7. H2PO4- -пен АDP-тан ATP түзілуі өздігінен жүрмейтін процесс екендігі мәлім. Дегенмен, бұл реакция Гиббс энергиясының өзгерісі теріс мәнге ие болатын креатин-фосфаттың гидролизденуімен қабыса жүреді:
ADP + H2PO4- ATP + H2O; ΔGo = +30 кДж
Creatine-phosphate + H2O creatine + phosphate; ΔGo = -43 кДж
Термодинамикалық қабысу принципін қолдана отырып
«Creatine-phosphate + ADP Creatine + ATP» процесінің ағзада өздігінен жүру мүмкіндігін дәлелдеңіз.
8. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар үшін жүйе энергиясы қалай өзгереді? (а) реакция молекулалығы пен реттілігінің; (б) жалпы реттілік пен зат бойынша реттілік арасындағы айырмашылықтарды көрсетіңіз. Нөлінші, бірінші, екінші ретті реакциялар үшін кинетикалық теңдеулерді келтіріп, реакция жылдамдығы концентрацияға тәуелділігін графикалық түрде көрсетіңіз.
9. А (қ.) + 2В (г.) = 2С (қ.) реакциясы берілген. Егер бұл реакцияның кинетикалық теңдеуі: v = k CB2 болса, қысымды екі есе арттырғанда реакция жылдамдығы неше есе өзгереді?
10. Реакция H2O2 + 2HI → I2 + 2H2O екі реагент конценрациялары бойынша бірінші ретті. Бірдей көлемде 0,02 моль/л Н2О2 ерітінідісі мен 0,05 моль/л HI ерітіндісін араластырғандағы реакцияның бастапқы жылдамдығын есептеңіз. Жылдамдық константасы 0,05л/(мольс).
11. Иод изотопының (131I) пайда болуы АЭС апаттары кезінде болады. Оның жартылай ыдырау кезеңі 8 тәулік. Қанша уақытта бұл изотоп 99% ыдырайды?
12. Температуралық коэффициенті 2,4-ке тең қандай да бір реакция температурада 30 минутта аяқталады. (а) 80 оС; (б) 130 оС температурада реакцияның аяқталуы үшін қажетті уақытты есептеңіз.
13. Берілген реакциялар үшін тепе-теңдік қай бағытқа ығысады?
(а) СО2(г) + С(қ) ↔ 2СО(г), ΔН=171 кДж; температураны арттырғанда;
(б) 2SO2(g)+O2(g)⇌2SO3(g), жүйеге SO2 қосқанда;
(в) СО32- + Н2О ↔ НСО3- + ОН- ерітіндіге сілті қосқанда?
14. FeCl3 + 3KNCS ↔ Fe(NCS)3 + 3KCl берілген реакцияда әрекеттесуші заттардың екеуі де концентрациясы бойынша бірінші ретті екенін біле отырып, реакцияның кинетикалық теңдеуін жазыңыз.
15. *Кестеде гипотетикалық реакцияның 3А + В → 2С + 2D (тұрақты температурада) зерттеу нәтижелері берілген. А заты мен В заты бойынша реакция ретін анықтаңыз және реакция жылдамдығы константасының мәнін есептеңіз.
Тэжірибе №
Бастапқы концентрация, моль/л
Бастапқы жылдамдық, моль/(лc)
А компоненті
В компоненті
1
0,02
0,02
0,04
2
0,04
0,02
0,16
3
0,02
0,04
0,04
16. Активтендіру энергиясы дегеніміз не? Катализатор/фермент қатысында активтендіру энергиясының өзгеруін сипаттайтын реакцияның энергетикалық диаграммасын беріңіз. Экзо- және эндотермиялық реакциялар үшін диаграммалар қалай ерекшеленеді?