Әдебиеттер Негізгі: 1. Мырзакожа Д.А. Химия бойынша нұсқаулық. Оқулық.-Алматы, «Medet group», 2021.–261-273 б.
2. https://elib.kz/ru/search/read_book/688/ Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2020.- 7 тақырып.
Қосымша: 3. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 687-724 б.
4. Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Карлова Э.К., Батырбаева А.А.Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия [Мәтін]: Есептер мен жаттығулар жинағы /-Алматы: Эверо, 2013.142-173 б.
Электрондық ресурстар: Химия кафедрасының дәрістері. https://www.youtube.com/channel/UCLWHAMhQU25OnnIjbSy3Baw?view_as=subscriber
Сабаққа дайындалу үшін сұрақтар: Бірінші және екінші текті электродтартар мен редокс-электродтардың потенциалын есептеу принциптері. Нернст және Нернст-Петерс теңдеулері.
Тірі ағзадағы тотығу-тотықсыздану процестері мен потенциалдар. Стандартты биологиялық потенциал (қалыпты электродты потенциал). рН мәніне тәуелділігі.
Гальваникалық ұяшықтар. Гальваникалық ұяшықтың ЭҚК есептеу. Индикаторлық және салыстырмалы электродтар жәйлі түсінік.
Тотығу-тотықсыздану процестерінің өздігінен жүруі. Редокс-жүйелердегі тепе-теңдік.
Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, тапсырмаларды орындау. Ауызша/жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу)
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша): Әр түрлі заттардың тотығу-тотықсыздану қабілетінің көрсеткіші не болып табылады? Олардың тотығу-тотықсыздану қабілетін қалай салыстыруға болады?
Концентрациясы 0,01 моль/л-ді құрайтын күміс нитраты ерітіндісіне батырылған күміс электродының потенциалын есептеңіз. Бұл жүйе нешінші текті электродқа жатады? (φоAg+/Ag = +0.80 В)
Концентрациясы 0,002 моль/л-ге тең бір негізді күшті қышқыл ерітіндісіне батырылған сутек электродының потенциалын есептеңіз.
Биохимиялық тотығу-тотықсыздану процестерінің басым көпшілігі қандай жағдайларда жүреді? Ағзада жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларын қарастырғанда неліктен қалыпты электродтық потенциалдың орнына "midpoint" потенциалы деген ұғымды пайдаланады?
5. Заттың тотығу-тотықсыздану қасиетіне әсер ететін факторлар. Перманганат-ионның тотықтырғыш қасиетіне рН-ң әсерін сипаттаңыз.
6. 298 К температурада «цитохром Fe3+ + ē ↔ цитохром Fe2+» биологиялық редокс жүйесіндегі тотыққан және тотықсызданған түрлердің концентрацияларының қатынасын есептеңіз. Берілген жүйенің редокс потенциалы 0,058 В (φ0 = 0,04В).
Темір және никель электродтарынан тұратын гальваникалық элементтің стандартты электрқозғаушы күшін есептеңіз, егер жүйенің стандартты электродты потенциалдары сәйкес -0,44 В және -0,23 В-тең болса.
Келесі реакциялардың өздігінен жүру мүмкіндігін анықтаңыз:
а) Cu2+ + H2 → Cu + 2H+ ; б) 2Fe3+ + H2 → 2Fe2+ + 2H+. Қарастырылап отырған редокс жүйелердің стандартты потенциалдары: φоCu2+/Cu=+0.337 В; φоFe3+/Fe2+=+0.0.771 В; φо2H+/H2=0.000 В-ке тең болса. Есептеулер арқылы көрсетіңіз.
9. Келтірілген кестені қолдана отырып тірі ағза редокс жүйелерін (тотығу-тотықсыздану қасиеттерін) сипаттаңыз. Пируват ион мен лактат ионның концентрациялары бірдей мәнге тең болатын жүйе электроды потенциалының мәнін есептеңіз, егер пируват ионның тотықсыздану реакциясы келесі түрде болса: пируват + 2Н+ + 2ȇ → лактат.