Байланысты: КАЗ Метод указания ОМ 2023 24 Химия 1 курс
Сабақты бақылау түрі: баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).
Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша): Түзілу реакцияларын жазыңыз: 1) 1-олео-2,3-дипальмитиннің; 2) 1,2-дилинолено-3-стеариннің. Алынған майлардың консистенциясы қандай? Алынған триацилглицериндердің қайсысы қатты, сұйық майға жатады? Қайсысының иодтық саны жоғары?
Қай реакция көмегімен триолеинді тристеариннен ажыратуға болады? Қай триацилглицерин калий перманганатының сулы ерітіндісімен тотығады? Реакция схемасын келтіріңіз.
1-линоленоил-2-линолеоил-3-олеолилглицериннің толық гидрлену реакциясын жазыңыз. Бұл реакцияны жүзеге асыру үшін неше молекула сутек қажет болады? Бастапқы және соңғы өнімнің консистенциясы қандай?
Серин, коламин, холин арасындағы генетикалық байланысты көрсетіңіз. Әр реакция түрін көрсетіңіз.
Глицеро-3-фосфаттың D, L стереоизомерлерін жазыңыз. Қайсы түрі фосфоглицеридтер түзуге қатысады?
Стерарин және линоль қышқылдарының ацил қалдықтары бар глицеро-3-фосфаттан лецитиннің (фосфатидилхолина) түзілу реакциясын жазыңыз. Молекуланың полярлы және полярсыз жағын көрсетіңіз.
1-стеароил-2-линоленоилфосфатидилэтаноламиннің құрылымдық формуласын жазыңыз. Келтірілген фосфолипид молекуласындағы күрделі эфирлік байланыстарды көрсетіңіз.
1-пальмитоил-2-олеоилфосфатидилсериннің қышқылдық ортадағы толық гидролизін жүргізіңіз. Реакция өнімдерін атаңыз.
D3 дәрумені қай стериннен түзіледі? Реакция схемасын жазыңыз.
Эргостериннен УК –сәуле әсерінен қай дәрумен түзіледіРеакция схемасын жазыңыз.