Білім беру бағдарламасы (бакалавриат) Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру Мамандықтың шифры және атауы



бет36/43
Дата08.12.2023
өлшемі1,33 Mb.
#135406
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43
Сабақты жүргізу форматы: тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру, талқылау және шығару, органикалық реакциялар схемалары бойынша тапсырмаларды орындау, жазбаша сұрау.


Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша/ тест тапсырмаларын орындау)


Шығаруға арналған жаттығулар (оқытушының қалауы бойынша):

  1. D- және L-глюкозаны жазыңыз. Қандай белгісіне қарап D- және L-қатарын анықтайды? Глюкозаның асимметриялы көміртек атомдарын жұлдызшамен белгілеңіз.Стереоизомерлердің жалпы санын қалай санауға болады?

  2. Қандай моносахарид болып табылады: 1) D-ксилозаның эпимері; 2) D-галактозаның диастереомері; 3) D-фруктозаның құрылымдық изомері? Олардың құрылысын келтіріңіз.

  3. D-глюкоза мен D-фруктозаның цикло-оксотаутомериясының схемасын жазыңыз. Фишер және Хеуорс формулалары. ,-аномерлік түрлері.

  4. -глюкопиранозаның НСI-дың қатысуымен метил спиртімен реакциясын жазыңыз. Алынған қосылыстың жәй эфирлерден айырмашылығы қандай?

  5. Реакцияларды жазыңыз: 1) глюкозаның глюкон және глюкар қышқылдарына дейін тотығу реакциясын; 2) глюкозаны, фруктозаны гидрлеу реакцияларын.

  6. β-D-галактозаны НСI-дың қатысында метил спиртімен әрекеттестірдік, содан кейін сұйытылған азот қышқылымен тотықтырдық, түзілген өнімді қышқылдық ортада гидролиздеп, декарбоксилдедік. Сәйкес реакцияларды жазыңыз және түзілген өнімдерді атаңыз.

  7. Глюкозаға сапалы реакцияларды жазыңыз: 1) «күміс айна» реакциясын; 2) мыс (II) гидроксидімен реакция а) қыздырғанда; б) суықта.

  8. Реакцияларды жазыңыз: 1) ,D-фруктофуранозаның 1,6-дифосфатының түзілу реакциясын; 2) D-галактозаның сірке ангидридімен күрделі эфир түзу реакциясын; 3) D-рибозаның этил спиртінің артық мөлшерімен жәй эфир түзу реакциясын. Реакция өнімдерінің гидролизге қатысын анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

  9. Галактозаминнің сірке ангидридімен және сірке қышқылымен оның - және О-ацильді туындыларының түзілу реакцияларын жазыңыз.

  10. Лактоза, мальтоза және сахарозаның түзілу реакциясын жазыңыз. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілген гликозидтік байланыстарды атаңыз. Олар дисахаридтердің қандай түріне жатады?

  11. Лактоза мен сахарозаның қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар:1) күміс гидроксидінің аммиактағы ерітіндісімен реакциясында «күміс айна» реакциясында; 2) мыс (II) гидроксидімен суықта; 3) құрғақ НСl қатысында этанолмен гликозид түзу реакциясында; 4) гидролиз реакциясында? Мүмкін болатын реакцияларды жазыңыз.

  12. Қай реакциялардың көмегімен келесі өзгерістерді жүзеге асыруға болады:

  1. лактоза → галактоза → галактар қышқылы

  2. сахароза → фруктоза → фруктоза-1,6-дифосфат

Сәйкес реакцияларды жазыңыз.

  1. Келесі реакцияларды жазыңыз: 1) сахароза → октаацетилсахароза; 2) мальтоза → этилмальтозид. Бұл реакциялар қандай реагенттер көмегімен жүреді?

  2. Амилоза, амилопектиннің дисахаридтік фрагменттін жазыңыз. Дисахаридтік фрагменттердердегі байланыс типтерін анықтаңыз.

  3. *β(13) гликозидтік байланыспен байланысқан, хондроитин-4-сульфатының (β,D-глюкурон қышқылы, 2-дезокси-N-ацетил -β,D-галактозамин-4-сульфат) дисахаридтік фрагментін жазыңыз. Маңызы.

  4. *Гепариннің дисахарид фрагментінің түзілу схемасын жазыңыз. Ағзада гепарин қандай рөл атқарады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет