Сабақ өткізу форматы: Ситуациялық тапсырмаларды, жаттығуларды түсіндіру, орындау және талқылау, шағын топтарда жұмыс.
Сабақты бақылау түрі: Баға суммативті (жазбаша түрде/ тестілеу)
ҚО режимінде:Баға суммативті (жазбаша түрде тестілеу) dis.kaznmu.kz (Moodle) Google Classroom платформаларында жазбаша түрде/ тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар: Пуриннің гидрокситуындылары: Гипоксантин және зәр қышқылы, лактим-лактам таутомериясы.
Зәр қышқылының таутомерлік түрлерін көрсетіңіз. Зәр қышқылының қай таутомерлік түрі натриймен тұз түзу реакциясына қатысады? Зәр қышқылының натрий гидроксидімен орта және қышқыл тұздарын түзу реакуцияларын жазыңыз.
Пуриндік нуклеиндік негіздер аденин және гуаниннің таутомериясы және олардың зәр қышқылына айналуы.
Нуклеотид түзуге пиримидиндік және пуриндік негіздердің қандай таутомерлік түрінде қатысады және неліктен?
Тимидил-5 (дТМФ) және гуанил-5 (ГМФ) қышқылдарының түзілуі.
Полинуклееотидтік тізбекте нуклеотидтердің байланысуын көрсетіңіз. Мысалы, дАМФ-тың (дезоксиаденозин-5-фосфат) дЦМФ-пен (дезоксицитидин-5-фосфат).
ДНҚ спиралінде цитозин қай нуклеиндік негізбен комплементарлық жұп түзеді? Қанша сутектік байланыс түзілуі мүмкін?
Қай екі комплементарлық жұп – УМФ және АМФ немесе ТМФ және дАМФ ДНҚ құрамына кіреді? Сол жұптың құрылысын және сутектік байланыстарын көрсетіңіз. Қандай атомдар арасында сутектік байланыс түзіледі?
ОСӨЖ арналған тапсырма: Пуриннің гидрокситуындылары: Ксантин (2,6-дигидроксипурин) лактим-лактам таутомериясы.
Ксантиннің метилдеу туындылары -кофеин, құрлысы, маңызы.
Уридин,тимидиннің N,-гликозидтік байланысы қандай ортада гидролизденеді?
5-цитидил (дЦМФ) және 5-гуанил (ГМФ) қышқылдарының түзуі. Қышқылдық және сілтілік гидролизін жазыңыз. Гидролиз реакцияларының өнімдерін жазыңыз.