Білім беру бағдарламасы: Барлық мамандық үшін Оқу түрі: күндізгі Курс: семестр: Кредиттер саны: 4



бет2/9
Дата29.11.2023
өлшемі65,91 Kb.
#131274
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
психология силлабус

Міндетті пәндер бойынша

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (cиллабус) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығы, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде дайындалған.

Құрастырғандар: ф.ғ.к., аға оқытушы Оразимбетова К.Ш., оқытушы Усипбекова А.С.

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (cиллабус) Психология кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.


№ __ хаттама, «___» ____________ 20 ___ ж.
Кафедра меңгерушісі ________ Әліпбек А.З.
Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты ________ Қуанышбаева З.Б.

1. Кіріспе



Пәннің мақсаты

Жас ерекшелік психологиясындағы даму түсінігі мен шарттарын, даму теорияларын түсіндіре отырып, тұлға психологиясының әртүрлі жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес психо-физиологиялық процестер мен ерекшеліктер туралы студенттердің ғылыми түсініктерін дамыту.

Пәннің міндеттері:

1. Жас ерекшелік психологиясының қалыптасу тарихы мен негізгі міндеттері туралы түсінік қалыптастыру.
2. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістерін жіктеу.
3. Негізгі даму теорияларындағы жас ерекшелік кезеңдерін қарасытыру.
4. Әрбір жас кезеңдеріне байланысты таным процестерінің дамуы, психикалық құбылыстары мен қасиеттеріне тоқталу.
5. Жас кезеңдеріне байланысты жаңа құрылымдар мен дағдарыстарды талдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет