Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата13.07.2023
өлшемі1,6 Mb.
#104318
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
 
№4дәріс
Дәріс тақырыбы: 
Қысқа мерзімді жоспар
Дәріс мазмұны:

1.
Қысқа мерзімді жоспар
2.
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
3.
Сабақ мақсаттары 
4.
Бағалау критерийлері 
5.
Тілдік мақсаттар 
6.
Сабақ барысы
7.
 
Сабақты ресурспен қамтамасыз ету.
 
8.
Рефлексия 
Қысқа мерзімді жоспар - мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). 
Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай кӛмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға 
болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады. Сабақ жоспарын дайындау барысында 
мұғалім оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне 
ерекше назар аударғаны жӛн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға кӛмектеседі. Ол үшін 
мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім 
оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия 
жасап отыруы керек. Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа 
алуына болады: - сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында кӛрсетілген оқу 
мақсаттарын басшылыққа алу қажет; - сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, ӛлшемді, 
қолжетімді, шынайы мақсаттар қою; - орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, 
әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу; - мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі 
қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Сонымен, сабақ мақсаттарын саралап кӛрсету міндетті болып саналмағанмен, алайда оларды кӛрсету 
оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеретіндігін ұмытпауымыз керек. Мұндай саралауда не жазу керек? 
Барлық оқушылар: Мұнда оқу мақсаттары қайталанады. Оқушылардың 100% қол жеткізуі керек 
болғандықтан мұғалім мұнда барлық оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеруі керек. 
Оқушылардың басым бӛлігі: Оқу мақсатттарына (кӛрсетпесе де болады) қоса оқушылардың оқу 
қабілеттеріне қарай нәтижені күрделендіру. Мысалы, оқу мақсаттары «Білу» және «Түсіну» деңгейлерінде 
болса, онда оқушылардың басым бӛлігі бұған қоса «Қолдану» немесе «Талдау» деңгейлеріндегі мақсаттарға 
қол жеткізуі керек. 
Кейбір оқушылар: Оқу мақсаттары мен оқушылардың басым бӛлігі үшін (кӛрсетпесе де болады) белгіленген 
мақсаттармен бірге шығармашылық және зерттеушілік дағдыларды дамытатын мақсаттарды нақтылау: 
мәселен, «Талдау», «Жинақтау» немесе «Бағалау» деңгейлерінде. 
Бағалау критерийлерінің синонимдері «жетістік критерийлері», «табыс критерийлері», «күтілетін 
нәтиже»: кей сабақ жоспарларында оларды осылайша атайды. 
Бағалау критерийлерін «Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігінің, үйренгендігінің дәлелі не болмақ? 
Оқушылардың үйренгенін қандай нәтижеден кӛреміз?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы айқындау 
қажет. «Бағалау критерийлері – мұғалім мен оқушыға қалыптастырушы бағалау кезінде оқытудың 
мақсатына қол жеткізгенін тануға мүмкіндік беретін тұжырым 
Ресурстар. Бұл жерде сабақта қолданатын кеңсе тауарларын (қағаз, флипчарт, маркерлер, желім, скотч, 
қайшы, т.б.) кӛрсетпей, мазмұндық материалдарды (контент) келтірген дұрыс. Олардың қатарына сабақ 


мақсатына жетуге кӛмектесетін сабақта қарастырылатын кітап не басқа да дерек кӛздері, мәтіндерді 
(мәселен, оқулықтағы параграф), интернетте ұсынылған материалдарды, видеокӛрсетілімдер, слайдтар және 
басқа да ақпарат кӛздерін жатқызуға болады.
Мұғалімнің ең басты міндеті - ӛзінің кәсіби біліктілігін тұрақты, жүйелі, шынайы түрде дамыту. «Кәсіби 
даму дегеніміз тәжірибе және рефлексия» деген ұстанымға сәйкес әр сабақтан кейін (тәжірибе) мұғалім 
сабақты талдау мен бағалау арқылы оның ұтымды жақтары мен жақсартуға қажетті тұстарын айқындап, ӛз 
тәжірибесін қалай дамытуға болатындығын айқындау дағдыларын қалыптастыруы керек. 
Осы мақсатта сабақтан кейін ӛз сабағын талдау барысында мұғалім бұл бӛлімге сабақ туралы ӛз пікірлерін 
жазады. Бұл үшін мынандай сұрақтарғаа жауап беру ұсынылады: 
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? 
Бүгін оқушылар не білді? 
Сыныптағы ахуал қандай болды? 
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? 
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? 
Мен ӛз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет