Түсінік хат Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты бірыңғай ұлттық тестілеуде «Физика» пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді. Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ҰБТ-де кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады. Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады.
Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ҰБТ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.
Мақсаты: - оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
- физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;
- логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;
- қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;
- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.
Міндеттері: - оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;
- ҰБТ-ден оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;
- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;
- оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже: - оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;
- қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;
- Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.