кескінделетінін кӛрсетеді. Түзумен салыстырылады. Оқушылар түзулерді және кесінділерді сызбадан
кӛрсетеді және ӛздері де түзулер сызады, сӛйтіп түзу шектелмегендігін, ал кесінді шектелгендігін, қағаз
бетінде түзудің бір бӛлігі ғана кескінделетінін түсіне бастайды.
Кӛпбұрыш, бұрыш, шеңбер, дӛңгелек туралы ұғым балаларда бүкіл бастауыш оқу кезеңінде және
одан кейінгі сыныптарда қалыптасады. Алғашқыда 1-ші ондықты оқып-үйренгенде геометриялық фигуралар
дидактикалық материалдар түрінде пайдаланылады. Одан әрі қарай кӛпбұрыштардың жеке түрлерін оқып-
үйренуге кіріседі. Бұл кезеңде кӛпбұрыштардың элементтері, қабырғалары, тӛбелері бӛліп қарастырылады.
Мысалы: 3 санын ӛткен кезде әртүрлі Δ-р қарастырылады.
Түрлі-түсті қағаздан, пластмассадан, тағы басқа материалдан әзірленген Δ-ң моделдеріне оқушылар
әр фигурадағы 3 қабырғаны, 3 Δ-ты және 3 тӛбені кӛрсетеді. Осыдан кейін тура осы тұрғыдан 4-бұрыштар,
5-бұрыштар, тағы басқалар қарастырылады. Мұнда бұл жұмысты 1-ші ондық кӛлемінде сәйкес сандарды
оқумен байланыстырады. Кӛпбұрыштардың элемнеттерін бӛліп кӛрсете отырып, оқушылар элементтер
санымен фигураның аталуы арасындағы байланысты (3–қабырға, 3-тӛбе, 3бұрыш, т.б.) аңғарады. Сонымен
қатар балалар кӛпбұрыштың бұрыштарының тӛбелері мен қабырғаларының саны бірдей болатынын
түсінеді.
Кӛпбұрыштармен жұмыс істеген кезде оқушының бұрыш туралы ұғымдары кеңейе түседі.
Кӛпбұрыштарының бір тӛбесінен шыққан 2 қабырғаны бұрыш деп атайды. Кӛпбұрыштардың бұрыштарын
құруға үйренеді. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен тік тӛртбұрышты табуды үйренеді. Олар кез келген
формадағы қағазды екіге бүктеп, онда пайда болған қиылысатын екі түзу сызықтан бірдей 4 бұрыш
жасайды. Мұғалім мұндай бұрыштар тік бұрыштар деп аталатын түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: