Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет21/63
Дата13.07.2023
өлшемі1,6 Mb.
#104318
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
 
№16дәріс
Дәріс тақырыбы:
Қарапайым теңдеу және оны шешудің тәсілдері. 
Дәріс мазмұны:
 
1.
Теңдеудің екі бӛлігін де бірдей санға бӛлу. 
2.
Бӛлу амалымен байланысты теңдеуден кӛбейту амалымен байланысты теңдеуге кӛшу. 
Бағдарлама негізгі мектепте алгебра курсын оқып үйренуге қажетті даярлықтың практикалық негізін 
бастауыш мектепке қалайтын алгебра элементтерін қарастырудың мүмкін жолдарын ұсынады. Мұнда 
алгебралық қарапайым түсініктер мен ұғымдарды: ӛрнек, сандық ӛрнек, сандық теңдік және теңсіздік, 
әріптік ӛрнек, әріптік ӛрнектің мәні, әріптің әрбір мәніне ӛрнектің бір ғана мәні сәйкес болатыны, 
қарапайым теңдеулер және оларды шешу тәсілдері, құрылысы күрделі теңдулер және оларды шешу тәсілі, 
алгебралық тәсілмен, яғни теңдеу құру арқылы есептер шығару және тағы басқаларды қарастыру кӛзделеді. 
Әріпті ӛрнектердің а+5, а-3, 7-а, 7+а, а·2, а:2, 5·а, а:3 сияқты сандар аймағы кеңейген сайын, сандық 
деректері күрделене түсетін қарапайым түрлері қарастырылады. Арифметикалық амалдар арқылы
біріктірілген сандар тізбегін ӛрнек деп атайды немесе математикалық ӛрнек деп белгілі бір ереже бойынша
құрылған сандарды және оларға қолданылатын амалдарды белгілейтін математикалық таңбалар тізбегін 
айтады. Теңдеумен таныстыру әдістерінің кезеңдері. 1. Теңдікті жазу 2. Белгісіз санмен (ойлаған санмен ) 
теңдікті жазу 3. Теңдеу ұғымын енгізу 4. Теңдеуді тура теңдікке айналдыру, яғни теңдеуді шешу. 3+4=7 
теңдік, 3+а=7, 10-а=1 әріп арқылы берілген теңдік теңдеу деп аталады. Теңдеулерді шешу барысында
балаларда біртіндеп теңдеу әріппен белгіленген, белгісіз саны бар теңдік деген ұғым қалыптаса бастау 
керек. Балалар теңдеуді шешкен кезде әр қашан теңдік дұрыс болатын белгісіз санның мәнін табу керектігін 
түсінулері керек. Теңдеуді шешудің мынадай тәсілдері қарастырылады. 1-ші тәсілі: Таңдап алу немесе 
сынап кӛру 2-ші тәсілі: Амалдардын компоненттері мен нәтижелер арасындағы байланысқа негізделеді. 3-ші 
тәсілі: Арифметикалық амалдардың қасиеттерін пайдалану.
Алгебралық тәсілмен шығарылатын есептің ең бір қиын кезеңі теңдеу құру болып табылады. 
Осы мақсатта дерексіз сандармен берілген есептерді ұсыну тиімді. Осы кезеңде мына сияқты есептерді 
қарастыруға болады. 
1.Егер белгісіз санды 26-ке арттырса, онда 725 шығады. Белгісіз санды табыңдар.
Келесі кезеңде арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табуға байланысты есептер 
теңдеудің жәрдемімен шығарылады. 


M. 1. Жәшікте бірнеше килограмм алма болды. Жәшіктен 8 кг алма алынғаннан кейін онда тағы 13 
килограмм алма қалды. Бастапқыда жәшіктер неше килограмм алма болған?
Бұл кезеңде арифметикалық амалдың компоненті мен нәтижесінің санды ӛрнек түрінде болып келуіне 
байланысты теңдеулер құруға есептер ұсынылады. Мұнда құрама есепті теңдеу жәрдемімен шығарудың 
мүмкіндігі кӛрсетіледі. 
1.643 пен белгісіз санның айырмасы 585 пен 5-тің бӛліндісіне тең.
2.1200 бен ойлаған санның айырмасы 18 бен 6-ның кӛбейтіндісіне тең. Ойлаған санды тап.
Енді теңдеу құруға мүмкін болатын мәтінді құрама есептер қарастырылады. Оларды шығару барысында 
алгебралық тәсілді енгізу қажеттігін және оның мәнді ерекшелігі мен артықшылығын нақты кӛрсетіп беруге 
болады. 
Мысалы, 
Бірінші ыдыста бастапқыда х л сүт болсын делік, немесе бірінші ыдыста х л сүт бар еді, оған тағы 2 л сүт 
құйғанда х+2(л) сүт, ал екінші ыдыста 10-3(л) сүт болды. 
Теңдеу құру: х+2=10-3 
Теңдеуді шешу: Х+2=7 
х=7-2 
х=5 
Теңдеудің шешуін тексеру: 5+2=7; 10-3=7; 7=7. 
Есептің жауабы: бастапқыда бірінші ыдыста 5л сүт болған еді. 
Қорыта келгенде айтарым , теңдеулерді шешу тәсілдерін қарастырылған ретпен үйрету және олардың 
кӛмегімен есеп шығаруды қарастыру бастауыш буын оқушыларының келесі сыныптар талабына сай 
дайындалуын қамтамасыз етеді. Ӛйткені, олар теңдеулерді шешуге дағдыланады және теңдеу құру арқылы 
есепті шығару тәсілдерінің мән-мағынасы, ерекшелігі жайында бастама түсінік алады. Соның нәтижесінде 
алгебра элементтерін оқытудың басты мақсатына жетудің негізі қаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет