Білім беру бағдарламасы біліктілігі: 81602 Химиялық талдау зертханашысы



бет1/8
Дата16.02.2023
өлшемі214,64 Kb.
#68332
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
44-Химиялық-технология-және-өндіріс-мамандығы-бойынша



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Холдинг «Кәсіпқор» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамы

0816000 Химиялық технология және өндіріс мамандығы бойынша


БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Біліктілігі:



(ҰБШ 3 деңгейі)

  • 081604 3 Техник-технолог (ҰБШ 4 деңгейі)

  • ******* Химиялық өндіріс жөніндегі кіші инженер-технолог (ҰБШ 5 деңгейі)


Астана – 2015
МАЗМҰНЫ



Кіріспе

3

1 Оқу жоспары

4

2 Құрылымы мен мазмұнына түсіндірме жазба

11

3 Білім беру бағдарламасына түсіндірме жазба

16

4 Құрал-жабдықтар тізімі

41

5 Әдебиеттер тізімі

65



Кіріспе


Бұл білім беру бағдарламасы орта буындағы білікті жұмысшы мамандарға қойылатын халықаралық жаңа талаптарға сай,шетелдік әріптес- LDDIDACTICGroup (Герман Федеративтік Республикасы) компаниясының қатысу құзіреттілігі негізінде жасалған.


Құзіреттілікке негізделген бұл бағдарлама бүкіл өмір бойы оқыту тұжырымдамасын ескере отырып жасалған, себебі, білім беру бағдарламалар мазмұны бір жағынан еңбек ету барысында өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделуге қабілетті, екінші жағынан – кәсіптік өсу мен білім алуды жалғастыра алатын біліктілігі жоғары мамандар қалыптастыруға бағытталған.
Білім беруге бұлай келу нәтижесінде әрбір оқушы өз жетістігін сезініп отыруына мүмкіндік алады, оны осы ұжым оқыту барысында қалыптастырады. Осы процесс аясында оқушы өз білім алуын өзі басқара алады және солай болуы тиіс, өз білім алуына жауапкершілікпен қарауды үйренеді, содан кейін өзінің кәсіптік өсуі мен мансабына жауапкершілікпен қарайтын болады. Сөйтіп оқушы тұтынушы ретінде алған біліміне қанағаттанады, сол білімді өмір бойы еңбек нарығының өзгеруіне қарай жетілдіріп отырады.
Мамандық бойынша білім беру бағдарламасында сол мамандықтың біліктілік деңгейі, кәсіптік бейін, талапкерлерге қойылатын талаптар және кәсіптік білім алуды жүзеге асыру, оқу жоспары туралы ақпараттар бар. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық құзіреті аясында 3, 4 және5 біліктілік деңгейі құзіреттерінің талаптары ескерілген.
«Химиялық технология және өндіріс» мамандығы бойынша оқыту бағдарламасы мынадай негізгі қағидаларды ескеріп жасалған:

  • Қазақстан Республикасының 2007 жыл 27 шілдеде қабылдаған «Білім туралы» Заңы;

  • 2011-2020жылдарға арналған Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік бағдарламасы (2010 ж. 7 желтоқсандағы №1118ҚР Президентінің Жарлығы);

  • 2012-2021 жылдарға арналған «Холдинг «Кәсіпқор» ҰАҚ –ның даму стратегиясы ( 2011 ж. 31 желтоқсандағы № 1751 ҚРПП);

  • 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы ( 2010 ж. 19 наурыз № 957 ҚР Президентінің Жарлығы).

  • Қазақстан Республикасының біліктіліктің Ұлттық шегі (2012 ж. 24 қыркүйектегі №373 ҚР-ның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің және 2012 ж. 28 қыркүйектегі №444 ҚР-ның Білім және Ғылым Министрінің біріккен бұйрығы)

«081602 2 Химиялық талдау лаборанты», «081604 3 Техник- технолог» және «******* Химиялық өндірістің кіші инженер -технологы» біліктілігін тағайындау мүмкіндігі қарастырылған.


Осы бағдарламаны оқу орнының тәжірибесіне енгізу үшін аймақтың еңбек нарығының ерекшелігіне байланысты және жұмыс беруші- тапсырыс берушінің тілегіне байланысты оқу орны оқу жұмыс жоспары мен бағдарламасын жасау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет