«Техник-технолог» (4 деңгей)
Химиялық өңдеу технологиясын жүзеге асыру, өндірістік жұмыстар мен үдерістерді бақылау, өндіріс тізбегіндегі пәнаралық өзара әрекеттестік.
Химиялық өндіріс ағымын құжаттандыру және бақылау, мониторинг
Әр түрлі өнімдерді өңдеуде және өндіруде талап етілетін құжаттандыру кезеңі және тексеру, жоспарлау, ағылшын тіліндегі нұсқаулықпен жұмыс
Үдерістердің жайлы өтуін қамтамасыз ету үшін командамен жұмыс істеу
Қызмет көрсетуде, ақауларды жоюда, жөндеуге алдын ала дайындық жұмыстары кезінде білікті қызметкерлермен ынтымақтастық (мысалы, өнеркәсіптегі механикпен, автоматтандыру технологиясындағы техник-электроникпен)
өнеркәсіптік өңдеу кезінде заттар қасиеті мен параметрін анықтау
Станоктарды бақылау үшін үдерісті бақылау жүйесін және компьютерлерді қолдану, құжаттама жүргізу, ақпарат алу, логистикалық және ұйымдастыру мақсатында мәліметтерді өңдеу
Жұмыс орнындағы қауіпсіздік, қоршаған ортаны және денсаулықты қорғау ережелеріне сәйкес «жауапкершілік аясында» әрекет ету және сапа бақылау
«Химиялық өндірістің кіші инженері» (5-ші деңгей)
4-ші деңгей емтихандарынан және қосымша курстар мен емтихандардан өткен студенттер үшін «Химиялық өндірістің кіші инженерінің» 5 деңгейіне өту мүмкіндігі қарастырылған. Соның нәтижесінде төмендегі арнайы құзіреттілікке қол жеткізе алады:
Командамен жұмыс істеуді, сонымен қатар қауіпті жағдайларда жұмыс жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру
Жұмыс нәтижесін бағалау
Кәсіпорында бақылау жүргізу үшін, деректерді өңдеу және жаңарту, құжаттамалар жүргізу, логистикалық және ақпараттық мақсатта ақпарат алу үшін үдерістерді бақылау жүйесін және компьютерлерді қолдану.
Бизнес-үдерістерді және сапаны басқаруды ұйымдастыру
Клиенттерді қолдау және кеңес беру
ТжКБ білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі оқудың нормативтік ұзақтығы толық орта білім негізінде (аккредитация/сертификация) төмендегіні құрайды:
3деңгей: 1 жыл 10 ай
4 деңгей: 2 жыл 10 ай
5 деңгей: 3 жыл 6 ай
Достарыңызбен бөлісу: |