Білім беру бағдарламасы біліктіліктер: 21606 Техник-технолог 121604 Астықты өңдеу аппаратшысы


Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері



бет31/42
Дата27.09.2023
өлшемі225,42 Kb.
#111073
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

6.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
6-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кей сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алған кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексеру үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.


6.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары

6-Модульге өту негізі 1-4 Модульдерін оқу кезінде алынған негізгі білімнің, 5-Модульдегі шикізат пен жартылай фабрикаттарға талдау туралы білімнің болуы табылады.


Мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан, 5-8-Модульдері тар көлемді кәсіптік (мамандырылған) бағыттылығына ие. Осы модульдерді жеке оқыту мүмкін емес, себебі олар бірыңғай дидактикалық блокты құрайды. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелі түрде арттыру. Келесі 4 Модульдердің мақсаты оқушыларды өздерінің кәсіптік қызмет шегінде өздігінен міндеттерді жоспарлау, орындау және бағалауға үйрету.
Мамандандырылған модульдер ұн өнімдерін алуға қажетті дәнді дақылдардың қайта өңдеудің жүзеге асыруына және сапа параметрлерін қамтамасыз етуге, тексеруге арналған.


МОДУЛЬ



  1. ШИКІЗАТ ПЕН АРАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІ ҰСАҚТАУ



7.1 Модуль мақсаты
Студенттер шикізат пен жартылай фабрикаттардың ұсақталу қажеттілігін негіздейді, ұсақталу принциптерін ажыратады, бір немесе басқа ұсақтау типін жүзеге асыратын уатқышты атай алады. Олар ұнды уатқыштар мен жеделдеткіштердің міндеттерін, құрылымын және әрекет ету принципін зерттейді. Олар өнімді ұсақтауды арнайы жабдықта жоспарлайды, қойылған мақсаттарға сәйкес күйге келтіреді. Машинаның елек талдауының көмегімен олар ұсақтау нәтижелерін бақылайды және түйіршіктелгеннің нәтижелерін хаттамаға енгізеді. Олар практикада ұсақтайды жәнн үдеріс сұлбасын құрастыра алады. Олар жартылай фабрикаттардың қасиеттерін бағалайды, оларды кейінгі қайта өңдеуге жібереді. Сонымен бірге, қондырғының тиісті параметрлерін есептейді.
Олар білікті уатқыштың түрленуін және олардың уатқышқа әсерін бағалайды, түрлі типтер мен біліктің бетінің қиыстыруын сұлба түрінде суреттей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет