Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр


№ 18 дәріс Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



Pdf көрінісі
бет23/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
№ 18 дәріс
Тақырыбы: Сенсорлық бұзылысы бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу 
1.
Көру, есту, сөйлеу бұзылыстары бар балаларға психологиялық –педагогикалық 
сипаттама 
2.
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Көру бұзылысы бар балалар: 
1-топ мүлдем көрмейтін балалар;
2-топ көру деңгейі төмен балалар; 
3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия) 
Есту бұзылыстары бар балалар:
-тұрақты (есту қабілеті қалыпқа келмейді) 
-екі жақтылы есту қызметінің бұзылысы (құлақ ауруы);
-Қоршаған ортамен қатынасқа түсудің қиындығы немесе мүлдем болмауы. Бұл 
категориядағы балалар естудің түрлілігіне байланысты өзіндік топтарға ұсынылады. 
Нашар еститін және естімейтін деп ажыратылады. 
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар:

Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы. (сөйлеу тілінің сыртқы -фонациялық өңделуінің 
бұзылуы, сөйлеу тілінің ішкі -семантикалық өңделуінің бұзылуы

Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения). 

Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия, 
брадилалия, тұтықпа). 

Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия) 

Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дислексия, дисграфия, дизорфография). 
Орта білім алуы төмендегі себептерге: көрмейтін және нашар көретін оқушылардың 
танымдық қызметінің ерекшелігіне; оқу қарқынының баяулығы және жалпы білім беру 
пәндеріне елестету олқылықтарын толтыру мен оқушылардың қоршаған орта туралы 
білімдеріне мүмкіндік беретін пропедевтикалық бөлімдерді қосу қажеттілігіне; 
көрмейтіндермен ақпарат алудың сукцессивті тәсілін пайдалануына (ұстап көру арқылы 
ақпарат алуды пайдалану); Брайль жүйесі бойынша жазу мен оқуға үйретудің 
ерекшеліктеріне; рельефті суреттер және сызбаларды оқуға; тифлоприборларды және 
бақылау, тәжірибелік және лабораториялық жұмыстар жүргізу барысында кеңістікте 
бағдарлай алуға арналған құралдарды пайдалану қажеттілігіне байланысты. Көрмейтін, 
нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға арналған арнайы жалпы білім беру 
ұйымының міндеттері алғашқы ауытқушылықтар, қимыл-қозғалыс аясының 
бұзылыстарының, кеңістікте бағдарлауының орнын толтыру, ұғымдар мен түсініктер 
жүйесін қалыптастыру, заттық-практикалық қызметін, әлеуметтік қарым-қатынас 


дағдыларын дамыту. Көрмейтін және нашар көретін оқушыларды оқыту негізгі мектептегі 
оқыту мерзімі ұлғаюына байланысты оқу материалын өзгерту және қайта қарастыру 
ескерілген жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша іске асырылады. 
Көрмейтін оқушыларды оқыту процесінде Брайль жүйесі бойынша рельефті-нүктелік 
қаріппен басылған жалпы білім беру мектебінің оқулықтары, оқу құралдары мен 
әдебиеттері қолданылады. Нашар көретін оқушыларды оқыту көру арқылы қабылдауы 
үшін қолжетімді ірі қаріппен және арнайы дайындалған суреттермен басылған жалпы 
білім беру мектебінің оқулықтары бойынша жүргізіледі. Күрделі бұзылыстары бар 
көрмейтін және нашар көретін оқушылар барлық оқу жылдарында арнайы оқу 
жоспарлары мен бағдарламалар бойынша білім алады. Көрмейтін, нашар көретін және 
кейіннен көрмей қалған балаларды оқыту процесінде жұмыстың арнайы түрлері мен 
әдістері, көрнекі құралдар, тифлотехника және басқалары қолданылады. 
Есту бұзылыстары бар балалардың, еститін балаларға қарағанда, заттармен арнайы емес 
әрекет жасаудан арнайыға ауысуы нақты заттық әрекеттерді орындауы баяу. Есту 
бұзылыстары бар балаларда бұл процесс арнайы үйретусіз баяу және бірқалыпты емес 
өтеді, кейбір әрекеттер түрлері оларда 2 - 2,5 жаста, тіпті мектепалды кезеңде ғана пайда 
болады. Балалар тек кейбір әрекеттерді орындайды, жиі жақсы таныс заттармен ғана. 
Заттық іс-әрекет негізінде есту бұзылысы бар баланың барлық қабылдау түрлері дамиды, 
бірінші қатарда - көру /заттық әрекеттерді іске асыруда көмек етеді/; қозғалыстары дамып, 
күрделенеді, негізгі ойлау түрі - бейнелі-әрекеттік -қалыптасады. Сюжетті-рольдік ойын - 
мектепалды жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті. Ерекшеліктері: есту бұзылысы бар 
балалардың ойындарында үлкендердің өмірлері, олардың іс-әрекеттері және қарым-
қатынастары бейнеленеді. Ойын іс-әрекетін меңгеру арқылы олардың әрекеттері 
күрделеніп, толықтырыла түседі. Есту бұзылыстары бар балалардың психикалық 
дамуының ерекшеліктерін анықтауда жанжақтылықты қамтамасыз ететін жүйелілік 
принципін сақтау қажет: есту қалпын, вестибулярлы аппараттың қалпын, қозғалыс және 
сөйлеу дамуының деңгейін. 
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру 
ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын алу және онымен 
байланысты
психикалық даму ерекшеліктері болып табылады.
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру құрылымы төмендегідей:
1) бастауыш білім беру деңгейі 0, 1-4 сыныптар;
2) негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар. 
Негізгі орта білім беру деңгейінен кейін бітірушілер жалпы орта білім беру деңгейінде 
және мамандық алу үшін жалпы білім беру мектебіне немесе техникалық кәсіптік 
колледждерге ауысады. Бастауыш білім беру деңгейінде оқыту арнайыдидактикалық 
материалдарды қолдану арқылы арнайы бағдарламалар бойынша іске асырылады. Негізгі 
орта білім беру деңгейінде оқу процесі мазмұны бейімделетін және оқыту мерзімдерін бір 
жылға арттыруды ескере отырып қарастырылатын жалпы білім беру бағдарламалары 
бойынша іске асырылады. Білім алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере 
отырып, қазақ, орыс және шетел тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат 
етіледі. Логопедиялық түзету жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін 
дамытуды қамтамасыз ететін сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім 
беру жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-
педагогикалық қолдау сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және 
сабақтан тыс уақытта көрсетіледі. Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға арналған 
арнайы (түзету) білім беру ұйымының ерекше міндеті сөйлеу тілінің дамымауын алдын 
алу және онымен байланысты психикалық даму ерекшеліктері болып табылады. Білім 
алушылардың сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып, қазақ, орыс және шетел 
тілдерін оқытуға сағаттарды бөлуде нұсқалық рұқсат етіледі. Логопедиялық түзету 
жұмысы оқушының тұлғалық және зияткерлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін 
сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға мектепте білім беру жүйесінің қажетті 
компоненті болып табылады. Арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау 


сөйлеу тілі режимін сақтай отырып, барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақытта 
көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет