білу, өзінің және өзгенің өмірін құрметтеу және т.б. жеке бас құндылықтары дамиды.
Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасы үшін түзету-баулу, өтемдік және
сауықтыру функцияларын орындау өте маңызды. Бұл функциялардың басты мақсаты –
баланың психофизикалық және әлеуметтік дәрежесін қалыптастыру, материалдық
тәуелсіздік пен әлеуметтік бейімделуге қол жеткізуді қамтамасыз ету. Дегенмен,
отбасындағы мұндай функциялар кең көлемді факторлардың әсерінен бұзылуы мүмкін:
отбасы мүшелерінің жеке бас ерекшеліктері мен олармен қарым-қатынас, отбасы
өміріндегі кейбір жағдайлар, отбасы құрылымының бұзылуы және т.б. Отбасының
функциялары мен құрылымы өмірлік іс-әрекеттердің этаптарына тәуелді өзгеріп отыруы
мүмкін. Мүмкіндігі шектелген баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік
кезеңінің негізгі баспалдақтарын қарастырып өтейік:
Баланың дүниеге келуі: патологиясы туралы мәлімет алу, берілген мәселені эмоционалды
қабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелері мен жақын адамдарды хабардар ету;
Баланың мектепке дейінгі кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік іс-әрекеттер
бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру, баланы оқыту және
тәрбиелеу;
Баланың мекетптік шағы: мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқыту формасы
туралы шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен қарым-қатынастағы
ересектермен құрбы-құрдастарының арасындағы мәселелерді шешу;
Жеткіншектік жас: мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи, созылмалы ауруына
дағдылану, құрбы-құрдастарының бөлектеу мәселелерін шешу, баланың болашақ кәсібін
жоспарлау;
Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, отбасылық
жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау;
Ата-аналық кезең: жұбайымен отбасын құру және мамандармен өзара әрекеттестік. Әрбір
адамның өмірінде отбасы маңызды ролге ие. Ең алдымен тұлға ретінде дамып келе
жатқан бала үшін отбасының маңыздылығы зор. Ол үшін отбасы – оның әлеуметтік
дәрежесіне, денсаулығының жағдайына және тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан
оны жақсы көретін ең жақын адамдары. Отбасы түсініспеушілікпен аяушылық білдіре
алатын, көмек қолын созатын, кез келген мәселені бірлесе шеше алатын ошақ. Дегенмен,
қазіргі жағдайда балада жағымсыз қасиеттердің дамуы мен баланың дамуына кедергі
жасайтын отбасыларда кездеседі. Баланың мінез-құлқы,
өзі және өзің қоршағанорта
туралы көзқарастары отбасында қалыптасады. Сондықтан баланың ауруына отбасының
түсініспеушілікпен қарауы және оның қиындықтары мен мәселелерін бірлесе шешіп
отыруы – дамушы тұлғаны емдеу мен сауықтырудың маңызды факторлары. Мүмкіндігі
шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасында ерекше жағдай менн ахуал қалыптасады.
Ол ең алдымен ата-аналарға байланысты жүзеге асды. Балаға деген туған туыстарының
қарым-қатынасы негізінде баланың бойындағы қасиеттер дамиды (махаббат пен
сүйіспеншілік немесе керісінше жек көрушілік, т.б). Қорқыныш сезімі басым болып
келген балаға ерекше мән берген жөн. Ата-ана балаға ол қорқатын затпен
абайлап
таныстырып, оның қорқыныштарын біртіндеп жойғаны абзал. Баланың бойындағы кері
мінез-құлықтарды, өз-өзіне сенбеушілікті, қорқынышты ата-анасы аса мән беріп, баламен
қарым қатынас жасау арқылы жоя алады. Бала міндетті түрде күш жетерлік жұмыс істеуі
керек; оны өз бетімен киініп, тамақтануға үйрету. Мүмкінді шектелген бала өзіне ғана
қызмет етуден басқа қоршаған орта үшін қажетті басқа да міндеттерді орындауы
маңызды: дастарқан дайындауға көмектесу, ыдыстарды жинау және т.с.с. Нәтижесінде
баланың бойында еңбекке деген қызығушылық, қуаныш сезімі, өзіне деген сенім пайда
болады. Кез келген іс-әрекет нәтижесінде баланың дүниетанымы қалыптасып, ақыл-
парасаты дамиды. Кейбір ата-аналар бала құлап қалады, ыдыстарды сындырып немесе
дұрыс киіне алмайды деп баланың өзігінен дамуына кедергі келтіреді. Бұл баланы енжар,
селқос, бойкүйез болуына әкеледі. Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы оның ауруы
тек оның жалғыз кемшілігі екенін айтып, баланың бойында көптеген ерекше жақсы
қасиеттер бар екенін балаға жеткізуі тиіс. Ата-ана мүмкіндігі шектеулі баласы бар екеніне
намыстанбауы тиіс – себебі ол баланың жалғыздық күйге душар тетеді. Ата-анасының