Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова Света Нургалиевна, оқытушы, магистр


№24-дәріс. Тақырыбы:Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына



Pdf көрінісі
бет32/73
Дата27.11.2023
өлшемі1,38 Mb.
#128603
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
1Силлабус инклюзив (копия) (1)

№24-дәріс.
Тақырыбы:Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына 
қарай бейімдеу жағдайы 
Дәріс мазмұны: 
1.
Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға сиаттама беріп, 
инклюзивті білім беруге енгізу 
2.
Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі 
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі 
балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын 
жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру саласындағы халықаралық 
құжаттар негізінде құрылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі 
шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады. 
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала 
құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», 
«Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – 
медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан 
Республикасының заңдарында бекітілген. 
Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты 
ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім 
алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған. 
Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды 
қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту үдерісі дамып келе 
жатқанын атап өту қажет. 
Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар: 
1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында мүмкіндігі шектеулі 
балалардың білім алуы. 
Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 9144 мүмкіндігі 
шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға 
жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам ақыл – ойы кем балалар, 
қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар. 
2. Инклюзивті білім беру дегеніміз – қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір 
сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы. 
Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар санының 19, 1 
% (2010 жылы 12, 0 %) құрайды. 
Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және 
Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге 
жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, 
Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу – тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды 
кіріктіру мәселелері төмен деңгейде. 
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және 
медициналық-педагогикалық корекциялық амалдары амалдары, психологиялық-
медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы 
еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы», «Мүмкіншілігі шектелген балаларды 
әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан 
Республикасында мүгедектерді қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» 
заңдарда бекітілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет