Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Тапаева Ж. Т. оқытушы, магистр



бет50/50
Дата21.10.2023
өлшемі3,91 Mb.
#120471
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Қорытынды бағалау критерийлері



95-100

Студент білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық ұғымдармен еркін жұмыс жасай алады, маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырата алады. Объект туралы білімдері ғылым мен пәнаралық қатынастар жүйесінде көрсетіледі. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, әдеби тілмен жазылған, қисынды, дәлелденген, студенттің авторлық ұстанымын көрсетеді.

90-94

Мектептегі тұтас педагогикалық үдерісін басқару туралы саналы білім жиынтығы көрсетілді,жоспарлау түрлерінің негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауапта ашылатын ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Студент жауап беру барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше түзетуі мүмкін.

85-89

Студент педагогикалық жүйенің құрамдары, жалпы белгілері, педагогикалық іс-әрекет түрлерінің негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды; жауап құрылымы нақтыланған, логикалық дәйекті. Жауапта
педагогикалық процестің құрылымы бойынша ұғымдардың, теориялардың, құбылыстардың мәнін көрсететін нақты құрылым, логикалық бірізділік байқалады. Жауап ғылым терминдерінде әдеби тілмен жазылған. Жауапта студенттің оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктері бар.

80-84

Педагогикалық менеджменттегі көшбасшылық процесі түрлерінің сипаттамасы бойынша студент жауабы анық құрылымдалған.Педагогикалық менеджмент жүйесі , технологиясын студент оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктер немесе елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін.

75-79

Қойылған сұраққа толық жауап берілді, педагогикалық менеджмент құрлымының маңызды және маңызды емес белгілерді, себеп-салдарлық байланыстарды ажырату мүмкіндігі көрсетілген. Жауап анық құрылымдалған, қисынды. Алайда, "жетекші сұрақтар" көмегімен студент түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген. (басқару принциптері, әдістері т.б)

70-74

Студент өз бетінше білім берудегі менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздері тақырыбында түзеуге қиын болатын негізгі ұғымдарды анықтауда 2-3 қате жіберілген. Қойылған сұраққа дәйекті жауап жеткіліксіз берілген, бірақ бұл ретте елеулі және елеулі емес белгілер мен себеп-салдарлық байланыстарды бөліп көрсете білген.

65-69

Толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталмаған. Тұжырымдарды ашуда және білім беру менеджменті бойынша терминдерді қолдануда қателіктер жіберілген. Студент педагог санаттарына қойылатын ережелерді өз бетінше ажырата алмайды. Студент жалпылама білімді нақтылай алады, дегенмен мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді.

60-64

Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Студент білім беру менеджменті ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

55-59

Қойылған сұрақтарға толық жауап берілмеді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Білім беру менеджменті, педагогикалық менеджмент заңдылықтары, принциптері бойынша терминдердің, ұғымдардың анықтамаларындағы, фактілердің, құбылыстардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Жауапта тұжырымдар жоқ. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент білім арасындағы байланысты тек оқытушы берген соң ғана түсіне бастайды.

50-54

Студент педагогикалық менеджмент, заңдылықтары, ұстанымдары ұғымының, мектептегі басқару үрдісі теориясының, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Жауабы қисынсыз. Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

0-49

Пәннің негізгі сұрақтары бойынша жауаптар алынбаған.


Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)

Баллдың сандық баламасы (С)

Баллдың әріптік баламасы (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)

95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

65-69

2,0

С

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

25-49

0,5



Қанағаттанарлықсыз

0-24

0

F


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет