Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы
SYLLABUS
Пәннің атауыБілім берудегі менеджмент
Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған
Құрастырған: Тапаева Ж.Т. оқытушы, магистр
Орал, 2021 ж.
SYLLABUS «Педагогика ғылымдары» білім беру саласындағы бакалавриат білім беру бағдарламасы негізінде дайындалды. Кафедра мәжілісінде қаралды _______________________________________________ Хаттама № «10» 09 2021 ж.
Мақсаты: Педагогикалық оқу орны студенттеріне менеджменттің педагогикалық негіздерін түсіндіру және қазіргі жалпы білім беретін мектепті басқарудың тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау болып табылады. Болашақ мамандарды педагогикалық менеджмент жайында білім, білік, дағдылармен қаруландыру бүгінгі нарықтық жағдайда өзекті мәселе болып отырғаны сөзсіз.
Соңғы кездері мектеп басқару мәселесін ізгіліктік және демократиялық көзқарастар тұрғысында қайта зерделеу арықыл жаңа басқару технологиясын қалыптаса бастаған. Қазіргі мектеп – адамға білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өмірдегі өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, үнемі даму үстінде болатын тұлғаны қалыптастыра алатын жаңа менеджменттік көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектептің қызметінің тиімділігі менеджментті мектепішілік басқарудың тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануы қажеттігімен анықталады.