Өзін – өзі бақылау сұрақтары: 1. Педагогикалык менеджменттің ұстанымдарының мәні неде.
2. Педагогикалық менеджменттің ынтымақтастық кағидасына сипатама беріңіз.
3. Д.Карнегидің сыйластық, достық туралы пікірлеріне анықтама беріңіз.
№ 7-8 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
Басқару принципі ұғымы, басқарудың негізгі және арнайы принциптері
Басқару принциптері – басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді.
Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.
Басқарудың негізгі принциптері:
1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;
2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;
3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.
5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.
Басқарудың негізгі заңдары мен принциптері басқару процесі кезеңдерінің қалыптасуы кезінде жасалады.
Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып:
ақпаратты жинау мен өңдеу;
оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою;
мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау);
жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау;
шешімді орындау үшін әрекеттерді ұйымдастыру;
әрекетке бақылау жүргізу;
әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу.
Осыған байланысты, басқару – келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау.
Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты – қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау.
Ұйымдастыру – басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады.
Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді.
Ең негізгі жағдай болып шешімді түзететін нәтижелерді бақылау қызметі атқарады: актив және пассив.
Басқарудың негізгі мақсаттары:
Басқару жүйесінің немесе объектінің қалауы бойынша жағдайы;
Жүйе жағдайын қарастыратын әрекеттің талап бойынша анықталған нәтижесі.
Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;
- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;
- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
- педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
- уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
- басқару қызметі бойынша-талдауға орай, бағалық, құрастырушылық,
ұйымдастыруға байланысты;
- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;
-мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.
- өкілеттіктер беру принципі.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі; мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.