Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Есенова С. Н. оқытушы, магистр



Pdf көрінісі
бет74/75
Дата18.10.2023
өлшемі1,61 Mb.
#117755
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

12. Бағалау критерийлері: 
 
Пән бойынша қорытынды баға келесі формула бойынша пайызбен анықталады:

Қ% = 1Р(30%) +2Р(30%) +Е(40%) 
түсіндірме: 
1Р – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
2Р – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші; 
Е – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші. 
 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІНІҢ ҮЛГІСІ
(БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН) 
 
Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері 
 
90-100 
Теориялық жауаптары толық, жүйелі, дұрыс, дәріс материалында жоқ 
қосымша ақпараттар, статистикалық мәліметтер келтірілуі. Қосымша 
сұрақтарға толық, нақты жауап беруі. Презентациялық жұмыстарды 
креативті және уақытылы орындайды. Тақырыпқа сай мысалдар келтіре 
алады, мәліметтерді талдай алады, өз тұжырымдарын жасай алады. 
«Мектеп психологиясы» пәні бойынша глоссарий меңгерген. Тренингтер, 
сауалнамалар, кеңестер, тесттерді қалай қолдану керектігі жөнінде біледі 
және практикалық түрде қолдана алады. Мектеп психологиясы пәні 
бойынша негізгі терминдерді, әр жас кезеңінің психологиялық, 
физиологиялық, танымдық процестері мен ерекшеліктері туралы айта 
алады. 
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап 
бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды 
қорытындылай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады. 


Тапсырмаларды уақытында және кішігірім қателіктермен орындайды.
70-89 
Теориялық жауаптары дәріс материалдарына ұқсайды, нақты мысалдар 
келтіре алмайды. Курстың басқа тақырыптары бойынша қойылған 
сұрақтарға толық жауап бере алмауы. Пән бойынша глоссарийді меңгерген. 
Мектеп психологиясы пәні бойынша әр жас кезеңінің психологиялық, 
физиологиялық, танымдық процестері мен ерекшеліктеріне сипаттама 
беруде ішінара қателер байқалады. 
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар 
келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
50-69 
Сабаққа төмен деңгейде қатысады. Студент жауаптары толық емес, 
жүйесіз. Тақырып тапсырмаларын сапасыз және толық емес орындау. Пән 
бойынша глоссарийді ішінара меңгерген. Мектеп психологиясы пәні 
бойынша әр жас кезеңінің психологиялық, физиологиялық, танымдық 
процестері мен ерекшеліктеріне сипаттама беруде өрескел қателер 
байқалады.
Студент сабаққа өте төмен деңгейде қатысады, ішінара дұрыс жауаптар 
береді. Мектеп психологиясы пәніне қатысты мысалдар келтіре алмайды. 
Қосымша сұрақтар қойылғанда қателіктер жібереді немесе толық жауап 
бере алмайды. 
0-49 
Сабақтарға жүйелі түрде қатыспау, жауаптары толық емес және дұрыс 
емес. Тапсырмаларды орындау сапасының төмен болуы. Мектеп 
психологиясы пәні бойынша негізгі терминдерді, әр жас кезеңінің 
психологиялық, физиологиялық, танымдық процестері мен ерекшеліктері 
туралы айта алмайды.
Сабақтарға жүйелі түрде қатыспау, жауаптары толық емес және дұрыс 
емес. Сабақ барысында студент қосымша сұрақтарға жауап бермейді. 
Берілген тапсырмаларды сапасыз орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет