Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Есенова С. Н. оқытушы, магистр


№ 18 дәрістің тақырыбы: Жасөспірімнің жеке басын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата18.10.2023
өлшемі1,61 Mb.
#117755
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

№ 18 дәрістің тақырыбы: Жасөспірімнің жеке басын қалыптастыру 
Жас өспірімдердің жеке басын қалыптастырудағы тұрақты психикалық ерекшеліктер
жиынтығының бірі –мінез-құлық. Мінез-құлық бұл-тірі организмнің барлығына ортақ 
қасиет. Оның басты белгісі–тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі 
көріністерін береді. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда 
әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты 
көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз 
әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық адамның 
өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай 
орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен 
байланыс жасауын қамтамасыз етеді. 
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер 
жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың 
мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді. 
Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы 
ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін көптеген факторлар қажет. 
Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа 
қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Ст.Холл «Бала толыққанды 
дамуы үшін өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет» деп 
санайды. 
Адам бойына жақсы адамгершілік қасиеттерді сіңіру тәрбиеге, өскен ортасына 
байланысты деп түсінген халық: «Ұстазы жақсының — ұстаны жақсы», «Тәрбиесін тапса 
адам болар, оқуын тапса білім қанар» деп тәлім –тәрбие, оқу-білім мәселесіне үлкен көңіл 
бөлген. 


Адамға деген құрмет сезімін тәрбиелей отырып, баланың өзіне деген құрмет туралы да 
ұмытпағаны жөн. Балалардың бойында берік адамгершілік негіздерін дамытып, оларды 
жаман ықпалдардан сақтай білсе- ата-аналардың нағыз бақыты осы. Баламен шын 
сөйлескенде, арада достық барда ғана өтімді болады. Достық баланың жеке басына деген 
құрмет, шыншылдық мұның бәрі ең жас кезден бастап ойдағыдай тәрбиелеу үшін қажет. 
Ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде, қоғам мен мемлекет алдында 
жауапты екенін, болашақ азаматтарын тәрбиелеп отырғандарын естен шығармауы тиіс.
Жасөспірімдерде мінез-құлық мәдениетін қалыптасттыру мәселесіне аса көңіл қойып, 
онда мұғалім мен ата-атаның бірлескен еңбегі мінез-құлық дағдыларының дамуына әсер 
еткендігі жайында баса айтқан ғалымдар: Л.Керімов, Б.Айтмамбетова, А.Бейсенбаева, 
Р.Нұргалиева, С.Ұзақбаева, Ж.Қоянбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Н.Д.Хмель т.б. болды. 
Адамгершілік тәрбиесінің ең көп тараған формасы – этикалық әңгіме, пікірталас, 
дискуссия, кездесудер, оқырман конференциялары т.б. этикалық әңгімелерді 
адамгершіліктің кез-келген қағидасы бойынша жүргізуге болады. Оқушыларды жақсы 
мінез-құлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу ісі, сыпайы ісі, жақсы әдеттері, қолдай отырып, 
оған қарама-қарсы жаман әдет, жат мінездерді әшкерелеу арқылы жүзеге асырылуы 
қажет. Адамдар арасындағы этикалық қарым-қатынас, жақсы мінез-құлық, үздіксіз 
тәрбиенің, өзгелердің үлгі өнегесі арқылы біртіндеп қалыптасатын қасиет. 
Адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөліктерінің бірі – мінез-құлық мәдениеті 
болғандықтан, жасөспірімдерден адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда, осы 
мәселеге көңіл бөлінеді. 
Қазіргі қоғамдары мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелеудің әлеуметтік негіздері өткен 
ғасырдағы негіздерден принципті түрде өзгеше және олар адамның тілектестік, 
қайырымдылық, сезімталдық, әділеттік, жолдастық және ұжымшылдық сияқты 
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға сүйенеді. 
Біздің адамгершілік тұтасымен және оның құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мінез-құлық 
мәдениеті түрлі формада жататын қызу күрестің алаңы болып табылады. Бізг е жат 
адамгершілік қасиет жиі-жиі жалған сезімталдықты, көз бояушы елгезектікті жамылады. 
Сонымен қатар, екінші жағынан, өзімізбен бірге жүрген, ұжымшыл әрі қоғамдық істерге 
белсене араласатын жолдасымыздың күнделікті қарым-қатынаста өрескел, әдепсіз, 
ықылассыз болатын жағдайларын елемей де өте алмаймыз. Мұнда адамның қоғамдық 
мәні мен оның көріну формаларының сай келмейтіні анық көрінеді. Мұндай адам не 
көпшілік қабылдаған мәдени мінез-құлық нормаларын менсінбейді, ие оның мұндай 
мінез-құлық дағдылары әлі де толық қалыптаспаған. 
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеумен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен 
дөйектілігін ескере отырып, жүйелі жоспарлы түрде шұғылдану қажет. Мектеп 
оқушыларын адамгершілік мінез-құлыққа үйретуді оқта-текте қолға алу тұрақты 
нәтижелер бермейді. 
Мінез-құлық мәдениетінде дағдылар мен әдеттердің орны үлкен. Бұл үнемі сананың 
бақылауын қажет қылмайтын автоматтанған іс-әрекеттер солардың арқасында адам 
көптеген қылықтарды тез де жеңіл орындайды. Көптеген мектеп оқушыларының мәдени 
мінез-құлық дағдылары мен әдеттерінің оған сәйкес ережелерді білуінен көп қалыс екенін, 
оларға жүргізілген бақылаулар көрсетіп отыр. Сондықтан оқушылармен жұмыста соларды 
қалыптастыруға ерекше назар аудару керек. Оған оқушылар жүйелі үйретумен қол 
жеткізеді. Бұл үшін мектеп өмірі оқушылардың дұрыс адамгершілік қатынастардың 
тәжірибесін үнемі жинап, дұрыс қылықтарын жетілдіруге жүйелі түрде жаттығуға 
мүмкіндігі мол болатындай етіп ұйымдастырылған болуға тиіс. Істелген қылықтың
мазмұны әрдайым оның сыртқы көріну формасына сәйкес келуі тиіс. Оқушылармен 
жұмыс процесінде жоспарлы түрде мәдени мінез-құлықтың кейбір дағдылары үйретіліп 
отыратын арнаулы жаттығулар жүргізуге болады, ал орта және жоғары сыныптарда 
мұндай жаттығулар біршама сиреу қолданылады. 
Оқушылардың мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру және мінез-
құлықтың адамгершілік нормалары мен ережелері туралы білімдерді игеру біртұтас 
процесс. Бұл жұмысқа жекелеген энтузиаст-мұғалімдерді ғана емес, бүкіл педагогикалық 
ұжымды жұмылдыру қажет. Жекелеген энтузиаст-мұғалімдердің бірлі-жарым әрекеттері 


көзге түсерлік нәтиже бермейді. Бұл түсінікті де, өйткені, олардың оқушылары мұндай 
ережелерді орындамайтын басқа балалармен қарым-қатынас жасайды, ал олардың
арасында сыпайылық, турашылдықтың қажеті де жоқ деген пікірлер жиі кездеседі. 
Табысты тәрбиенің, оның ішінде мінез-құлық мәдениетінің де қажетті шарты барлық 
мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының бірлігінде, сыртқы түріне, тіліне, үзіліс 
кезіндегі мектеп асханасындары, көшедегі т.б. қоғамдық орындарындарындағы мінез-
құлыққа қойылатын талаптар бірдей болуы керек, талаптар бірлігі отбасына да таралуы 
тиіс. Балалардың мектептегі мінез-құлқына қандай талаптар қойылатынын ата-аналардың 
білгені және осы бағытта үйде отбасында жұмыс жүргізгені жөн. 
Жас ұрпақтың елінің азаматы болып, тұлға болып қалыптасуының түп тамыры 
тәрбиеден басталады. Еліміздің болашағы әрине, ол келешек ұрпақ екені сөзсіз. Ендеше 
бүгінгі таңда жас ұрпаққа дұрыс тәлім-тәрбие беру негізгі мәселелердің бірі болып отыр. 
«Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, 
бара-бара адамды замандас, жолдастың азғыруы, не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны 
белгілі…» дейді, Ж.Аймауытов. Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген. 
Тәрбие ең бірінші отбасынан басталатыны белгілі. Бұл үлкен тәрбиенің бастауы. Алтын 
бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ, міндеті 
бір. Сондықтан, ұстаздар мен ата-аналар арасындағы байланыс неғұрлым тығыз болса, оң 
нәтижеге қол жеткізуге болады. 
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады. Тәрбие 
жұмысының негізгі мақсаттарына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті 
азаматты тәрбиелеу, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениетін қалыптастыру, балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен 
жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын 
қалыптастыру жатады. Сонымен қатар, тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы 
адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-
адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын 
қалыптастыру маңызды. 
Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық 
ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту, жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын 
қалыптастыру, өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру 
және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет