Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырғандар: Есенова С. Н. оқытушы, магистр


Кіші мектеп оқушыларында байқалатын тәуекел топ мәселес



Pdf көрінісі
бет33/75
Дата18.10.2023
өлшемі1,61 Mb.
#117755
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75
Байланысты:
2023 Мектеп психологиясы силлабусс (копия).docx1

2.Кіші мектеп оқушыларында байқалатын тәуекел топ мәселес. 
Бала тәрбиесі баршамызға ортақ екенің бәріміз жақсы білеміз. Қазіргі таңда қоғамда 
шешімін табылмай жатқан мәселелер көп. Солардың бірі-Кіші мектеп оқушылары 
арасындағы аутодеструктивті әрекет.«Аутодеструктив»сөзі латын тілінен «қалыпты 
жағдайдағы құрылымының бұзылуы» деп аударылады. Аутодеструктивті әрекеттер, яғни 
ол алкоголь, темекі мен есірткі заттарын қабылдап, 
денсаулығына және психикасына зиян келтіруі, ішкі эмоционалды қуатын шығару 
негізінде, адамның өз-өзіне қол жұмсау себебіне соңы өлімге 
әкеліп соғатын жағдай деп қарастырамыз.Аутодеструктивті міңез-құлық қалыпты 
дамуға, адамның психологиясына кері әсері етеді. Яғни, суицид ауырыжастар 
арасында мұндай дерттің кеңінен таралуы алаңдатарлық жағдай. Жалпы, жасөспірімдік 
кезең-адамның тұлға болып қалып тасуына әсер ететің маңызды фактор екенің түсінікті. 
Бұл кезең де олар нәзік жанды, тез уайымдауға, 
сәтсіздікке берілгіш болып келеді. Ал жеткіншектік шаққа аяқ басқанда адамның 
қалыптасуы сана-сезімнің дамуындағы өзгеріспен пен анықталды. Жасөспірім 
өзің ересекпін деп сезіне бастайды, яғни ол 
мұндай құбылысты айналадағылардан да талап етуге ұмтылыды. Бүгінде 
білім саласында осы 
тақырып жөніңде арнайы сабақтар өткізіліп, аутодеструктивті міңез-
құлықты болдырмаудың жолдары кеңінен түсіндірілуде. Білім беру мекемелерінің 
психологтары аутодеструктивті мінез-құлық бойынша ерекше назардағы 
балалармен (аутодеструктивті мінез-құлық өлшемдері бойынша анықталған «тәуекел 
топ») жұмысты әлеуметтік педагогтармен, инспектормен, сынып жетекшілерімен, 
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен өзара бірлесіп атқарыланады.
 
«Еркше назардағы» оқушылар – бұл педагогтар тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап 
ететін санаттағы балалар тобы. Оларға әр түрлі өлшемдер (критерии) арқылы 4 топқа 
бөлінетін барлық оқушыларды жатқызуға болады. 
Бірінші топ – физмологиялық өлшемдер. 
1. Ішкі ағзаларының созылмалы ауруы бар;
2. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің мәселелері бар;
3. Жиі және ұзақ ауыра береді;
4. Психоневропотологта есепте тұрады;
5. Ауыр дәрігерлік отаны басынан өткізген;
6. Стресс алған. 
Екінші топ – әлеуметтік өлшемдер. 
1.Асоциалды отбасында тұрады (балаға дұрыс көңіл бөлмеу немесе агрессиялық 
қатынас);
2. Отбасы құрылымының бұзылуы (толық емес, тек формалды түрде толық, яғни бала 
тәрбиесімен ата-анасының біреуі ғана айналысады, өгей әке, өгей ананың пайда болуы 
және т.б.);
3. Аз қамтылған отбасында тұрады;
4. Ата-анасыішімдікішедінемесеесірткі қолданады;
5. Оралмандар отбасынан (бейімделу және тіл меңгеру мәселелері);
6. Тұрғылықты жерін, мектепті, сыныбын ауыстырудағы бейімделу мәселелері;
7. Өз бетімен үйден кету. 


Үшінші топ – оқу-педагогикалық өлшемдер. 
1. Оқу үлгерімі нашар;
2. Сабақты себепсіз көп босатады;
3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады;
4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.
Төртінші топ – қылықтық критериясы өлшемдері. 
1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар (өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік, 
өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, адуындық, қорқақтық, ызақор, шектен 
шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және 
қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету); 
2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау (материалдық пайда табу үшін жасалған 
ұсақ құқықбұзушылықтар, істер (ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету)
3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері (жағдайсыз, формалды емес, референттік 
топ, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-
керістер, төбелестер, анти- және асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу); 
4. Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар (отбасылық тәрбиелеудің 
жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету, 
ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.); 
5. Психобелсенді заттарды қолдану (токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік, 
соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау);
6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық 
есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады). 
Аутодеструктивті мінез-құлық бойынша тәуекел топқа тіркелген балалармен әрі қарай не 
істеуге болады? Баланың шешуді талап ететін мәселесі ішкі тұлғалық және сыртқы 
аспектілерден тұратын болғандықтан, маманның жұмысы келесі негізгі құрамдарды 
қамтиды:
1. Баламен жеке-дара жұмыс, яғни психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
2. Оқу ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық 
зерттеу (Дж. Морено бойынша) жүргізу;
3. Мектептік ортадағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұмысты белсендіру;
4. Өмір құндылықтарын көтеру бойынша сынып сағаттарын, семинарлар, тренингтер 
өткізу;
5. Балаларды анонимді түрде шұғыл психологиялық көмек алу мүмкіншілігі туралы 
қолдарын қойғызып тұрып, ақпараттандыру.
(сондай-ақ сенім телефондары нөмірлерін күнделіктеріне бекітіп беруге болады);
6. Педагогам-психологтарға және сынып жетекшілеріне мектеп оқушыларының стреске 
табандылық және өзін-өзі ұстай білулерін көтеру бойынша жүйелі түрде сабақтар өткізу. 
Сонымен қатар балалардың ұйымшылдығын қалыптастыру үшін психологиялық 
тренингтер өткізу (егер құрбыларымен қарым-қатынаста мәселелері болса);
7. Отбасымен жұмыс, негізгі міндеттер – ата-аналардың психологиялық құзыреттілігін 
арттыру, мотивациялық және тәрбиелік қорларын дамыту, бала-ата-ана қарым-қатынасын 
оңтайландыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет