Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихандар бағдарламасы орал, 2023 ж



бет14/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,98 Mb.
#98699
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА 2023 МФ

Практикалық тапсырма
А) Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика

  1. Радиусы R-ге тең дөңгелектің ішінде нүкте алынған. Осы нүкте дөңгелектің центрінен r (r< R) кем аралықта болатындығының ықтималдығын табыңыз.

  2. Телефон номерін теріп жатқанда, абонент бір цифрын ұмытып қалады және оны кездейсоқ тереді. Керек цифрды терудің ықтималдығын тап.

  3. Жәшікте 15 бұйымдар бар, оның 10 боялған. Жинақтаушы кездейсоқ 3 бұйым алады. Алынған бұйымдар боялған болатынының ықтималдығын табыңыз.

  4. Жәшікте 100 бұйымдар бар, оның 10 жарамсыз. Кездейсоқ 4 бұйым алынған. Алынған бұйымдардың ішінде жарамсызы жоқ екенінің ықтималдығын табыңыз.

  5. Жәшіктен 1-ден бастап 100-ге дейін нөмерленген жетондар суырылған. Бірінші алынған жетонның нөмірінің ішінде 5 саны болмайтындығының ықтималдығын табыңыз.

  6. 100 бөлшегі бар ұйымнан техникалық бақылау бөлімі 5 стандартты емес бөлшек тапқан. Стандартты емес бөлшектердің шығуының салыстырмалы ықтималдығын табыңыз

  7. Радиусы R-ға тең дөңгелек ішіне нүкте лақтырылған. Нүктенің дөңгелекке іштей сызылған дұрыс үшбұрыштың ішінде болатынының ықтималдығын табыңыз.

  8. 75 бөлшегі бар ұйымнан техникалық бақылау бөлімі 5стандартты емес бөлшек тапқан. Кездейсоқ алынған 3 бөлшектің кемінде біреуі стандартты емес болу ықтималдығын есептеңіз

  9. Сыртқы істер министрлігінде әр қызметші кемінде бір шет тілін меңгерген (ағылшын, неміс, француз).Оның 10- ағылшын, 6-неміс, 4-француз, 4-ағылшын және неміс, 2-неміс және француз, 3-ағылшын және француз, ал 1- үш тілді де біледі.1) қанша қызметші бар? 2) қанша қызметші тек бір тілді біледі?




  1. Қобдишада 10 шар бар, оның 4-уі ақ, 6-уы қызыл. Қобдишадан кез-келген бір шарды алып, түсін белгілегеннен соң екіншісін алады. Бірінші алынған шар қызыл түсті болғанда екінші рет алынған шардың ақ түсті болу ықтималдығын анықтау керек.

  2. Қорапта 8 ақ, 5 қызыл, 2 қара шарлар бар. 5 шар бір-бірден, қайтарылу арқылы суырылады. А={3 ақ шар, қалғандырынан біреуден алынады} оқиғасының ықтималдығын есептеңіз.

  3. Цехта 3 тасымалдаушы жұмыс істейді. Әрқайсысының тоқтаусыз жұмыс істейтін ықтималдығы t уақыт ішінде 0,9-ға тең. Тасымалдаушылар бір-бірінен тәуелсіз жұмыс істейді. t уақытта тек қана бір тасымалдаушы тоқтаусыз жұмыс істейтінінің ықтималдығын табыңыз.

  4. Барлық бұйымдардың ішіндегі бірінші станоктан -40%, екінші станоктан -30%, үшінші станоктан -20%, төртіншіден 10% жинақтауға түскен. Бірінші станок бұйымдарының 0,1% бүлінген, екіншісінен – 0,2%, үшіншісінен -0,25%, төртіншісінен – 0,5%. Жинақтауға түскен бұйымдардың ішінен бүлінген бұйымдардың ықтималдығын табыңыз.

  5. n шарлар бар урнаға, ақ шар салынған, содан соң кездейсоқ бір шар алынады. Алынған шар ақ болатынының ықтималдығын табыңыз. Шарлардың алғашқы құрамы бойынша барлық мүмкін болжамдар тең мүмкіндікті.

  6. С нүктесі AB кесіндісін 2:1 қатынаста бөліп тұр. Осы кесіндіде кездейсоқ алынған төрт нүкте берілген. Нүктелердің екеуі С нүктесінің сол жағында, қалған екеуі оң жағында орналасатынының ықтималдығын табыңыз. Нүктенің кесіндіге түсуі кесіндінің ұзындығына пропорционал және оның орналасуына тәуелсіз емес деп саналады.

  7. 0, 4, 5 цифрлары арқылы 104 санынан кіші болатын қанша жұп сан жазуға болады?

  8. Х дискретті кездейсоқ шаманың мүмкін мәндерінің тізімі берілген: х1=1, х2=2, х3=3, осы шаманың математикалық күтімі және оның квадраты белгілі: М(Х)=2,3; М(Х2)=5,9. Х-тің мүмкін мәндеріне сәйкес келетін ықтималдықтарды табыңыз.

  9. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 цифрлары арқылы цифрларының қосындысы тақ болатын қанша бес таңбалы сан жазуға болады?

  10. Х кездейсоқ шамасы үлестірім функциясымен берілген:

F(x)=
Үлестірім тығыздығын табыңыз.


  1. 1 ден 30 ға (30 қоса) сандары берілген. Қосындысы жүп болатындай үш таңбалы санды неше әдіспен таңдап алуға болады?



  1. Х кездейсоқ шамасы үлестірім тығыздығымен берілген:

f(x)=
Үлестірім функциясын табыңыз.

  1. Ойын «сүйегі» (кубигі) 5 рет лақтырылды. Бес таңбалы жұп саны көрінетінінің ықтималдығы қандай?

  2. Қаптың ішінде 5 бірдей «ойын сүйектері» (кубиктер) бар. Әр ойын сүйегінің (кубиктің) барлық жағында мына әріптердің біреуі жазылған: о, п, р, с, т. Бір сызық бойында жатқан және бір-бірден алынған 5 ойын сүйектерден (кубиктерден) «спорт» сөзін оқып шығуға болатындығының ықтималдығын табыңыз.

  3. Шаршысының қабырғасы a-ға тең шексіз шахмат тақтасына радиусы болатын тиын тасталынады. Мына {тиын бірден артық емес шаршы қабырғасын қиып түседі}оқиғасының ықтималдығын табыңыз.

  4. Төбелері (0; 0), (1; 0), (1; 1), (0; 1) болатын шаршының ішінен кездейсоқ M(x; y) нүктесі алынады. A={ } оқиғасының ықтималдығын табыңыз.

  5. Қорапта 8 ақ, 5 қызыл, 2 қара шарлар бар. 5 шар бір-бірден, қайтарылу арқылы суырылады. В={3 ақ шар алынады} оқиғаласының ықтималдығын есептеңіз.

  6. Жеребеге қатысушылар жәшіктен 1-ден 100-ге дейінгі нөмірлері бар жетондарды суырады. Бірінші кездейсоқ алынған жетонның нөмірінде 5 саны болмауы ықтималдығын табыңыз.

  7. Қорапта 4 ақ, 5 Қызыл, 8 жасыл және 3 көк шар бар. Шарлар араластырылып, 1 шар алынады. Шардың түрлі-түсті болуы мүмкін оқиғаның ықтималдығы қандай?

  8. Телеательеде 4 кинескоп бар. Кинескоптың кепілдік мерзіміне төтеп беру ықтималдығы сәйкесінше 0,8; 0,85; 0,9; 0,95. Кездейсоқ алынған кинескоптың кепілдік мерзіміне төтеп беру ықтималдығын табыңыз.

  9. Цехта 6 мотор бар. Әрбір мотор үшін оның қазіргі уақытта қосулы болу ықтималдығы 0,8 құрайды. Қазіргі уақытта 4 қозғалтқыш қосылғандығының ықтималдығын табыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет