Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет126/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161
Байланысты:
Пед псих

 
Эмоционалдық – түзетушілік

Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін қолдану 
барысында, оқытушы мен оқушылардың сенімділік қатынасында «ашық перспектива» 
және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру. 


86 

 
Бақылау-бағалау функциясы

Оқытушылар мен оқушылардың өзара бірін-бірі бақылауын 
ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнің кәсіби 
қасиеттерін жетілдіру.
 
2.
 
Іскерлік 
– белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен 
икемді дағдының жиынтығы. 
Педагогикалық іскерлік
– мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынты-ғы, олар, ең алдымен, 
педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің 
даралық-психологиялық ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік-кәсіби құзырлығы 
жөнінде дәлел келтіреді.

 
Педагогикалық іскерліктің
 
А.К.Маркова
9 тобын сипаттаған. 
1-топ
. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-
тәрбие беру процесін белсенді даму үстіндегі оқушыға бағыттау; педагогикалық 
ситуацияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және 
жедел түрде нақтылау, белгісіздік жағдайда оңтайлы педагогикалық шешім қабылдау,
педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардың өзгеру 
шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагогикалық жағдаяттардан абыроймен
шығу; педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай 
алу, т.б. іскерліктер.
2-топ
: 3 топшадан тұрады. 
І топша
: «Нені оқыту керек». Оқу материалымен жұмыс жасай білу іскерлігі (оқыту 
туралы жаңа концепциялар мен технология-ларды меңгеру), оқу пәні бойынша негізгі 
қағидаларды бөліп алу, оқу пәнін жаңарту (ұғым, термин, дискуссияларды пайдалану 
арқылы), педагогикалық жаңалықтарды талдау қабілеттілігі, мектеп оқушыларында 
жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пәнаралық байланысты 
жүзеге асыру. 
ІІ топша:
«Кімді оқыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу 
(ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың 
білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының оқуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; 
оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір 
кезеңнен екінші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен 
жоспар бойынша жұмыс т.б. 
ІІІ топша: 
«Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс 
таңдап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; 
педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік 
оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын 
іздестіру; қолайлы жол таңдау. 
3-топ
: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық 
тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қоры-тындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз 
жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен 
байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа 
мұғалімдердің тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту 
барысында жоспар жасай білу іскерлігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет