Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Іскерліктің қалыптасу кезеңдері мен психологиялық құрылымы



Pdf көрінісі
бет128/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   161
 
Іскерліктің қалыптасу кезеңдері мен психологиялық құрылымы: 
Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында 
шеберлік
пен 
шығармашылыққа
айналады. 
1-кезең. 
Бастапқы іскерлік
– іс-әрекет мақсатын ертеректе қамтылған білім мен дағдыға
негіздей отырып сезіну және оған жету құралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру – 
қателесу жолымен орындалады.
2-кезең. 
Іскерліктің жеткіліксіздігі
– іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім 
мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.
3-кезең. 
Жекеленген жалпы іскерлік
– әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған, бірақ 
ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жоспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылық 
іскерлік). 
4-кезең. 
Жоғары деңгейдегі іскерлік
– нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны 
шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін 
сезіну. 
5-кезең. 
Шеберлік

әртүрлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.
3
. Қабілет 
– алған білімді белгілі бір іске нәтижелі етіп жұмсай білуінде және сол ісін белгілі 
бір дәрежеде дағдыға айналдыра білудегі адамның индивидуалдық психологиялық 
ерекшеліктері. 
Нышан 
– қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв 
қызметінің ерекшелігі. 
Дарындылық – 
нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрі. 
Талант 
– белгілі іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкінді-гін қамтамасыз ететін 
қабілет. 
Кемеңгерлік 
– шығармашылық қабілеттің ең жоғарғы деңгейдегі көрінісі.

Негізгі педагогикалық қабілеттілік 
сапалары
:

балаға білімді қысқа және қызықты формада жеткізу қабілеттілігі; 

баланы бақылай отырып түсіну қабілеттілігі; 

өз бетімен және творчестволық ойлай алу қабілеттілігі; 

тапқырлық немесе тез және нақты бағыт алу; 

ұйымдастыру қабілеттілігі. 


88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет