Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша


Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз психологиясы



Pdf көрінісі
бет160/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161
Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз психологиясы 
 
1. Дамудың негізі және шарты ретінде қабылданатын заттық әлеуметтік- мәдени тәжірибені 
меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру – бұл: 
А) Педагогикалық іс-әрекет пәні
В) Педагогикалық іс-әрекет мазмұны
С) Педагогикалық іс-әрекет құралы 
D) Педагогикалық іс-әрекет әдістері 
Е) Педагогикалық іс-әрекет мінездемесі 
2. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің психологиялық құрылымының элементтері. Артығын 
көрсет: 
А) Гностикалық компонент 
В) Проективті компонент 
С) Конструктивті компонент 
D) Оқытудың мақсаты
Е) Ұйымдастырушылық компонент 
3. Оқыту әдістерін тез және шығармашылықпен игеру, оқытудың әр түрлі тәсілдерін 
шығармашылық пен қолдануы педагогикалық қабілеттің қай түрін білдіреді: 
А) Гностикалық компонент 
В) Проективті компонент 
С) Конструктивті компонент 
D) Коммуникативті компонент 
Е) Функционалды компонент 
4. Оқыту мен тәрбиелеудің перспективалық мақсаты және оларға қол жеткізу стратегиялары, 
тәсілдері -бұл: 
А) Проективті компонент 
В) Конструктивті компонент 
С) Коммуникативті компонент 
D) Гностикалық компонент 
Е) Ұйымдастырушылық компонент 
5. Педагогикалық іс-әрекеттің қандай компоненті мұғалімнің білімін көрсетеді : 
А) Проективті компонент 
В) Конструктивті компонент 
С) Гностикалық компонент 
D) Ұйымдастырушы компонент 
Е) Коммуникативті компонент 
6. 
Биономикалық (табиғат), техномикалық (техника), сигномикалық (белгілер), 
артономикалық (көркемдік бейнелер), социономикалық (адамдардың бірлесіп әрекет етуі 
немесе өзара қатынасы): 
А) А.Н. Леонтьев бойынша мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі 
В) Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің схемасы 
С) М. Таленнің кәсіби позиция типологиясы
D) К.Роджерс бойынша кәсіби позиция типологиясы 
Е) П.Ф. Каптеревтің кәсіби позициясы 


7. Дамыған қиял, көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі, байқағыштық, 
өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті; шыдамдылық
табандылық; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзірлік т.б. 
А) «Адам-Табиғат» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары 
В) «Адам–Техника» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары 
С) «Адам–Белгі жүйесі» мамандық типінің адамға қоятын психоло-гиялық талаптары 
D) «Адам-Көркемдік бейне» мамандық типінің адамға қоятын психо-логиялық талаптары 
Е) «Адам-Адам» мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары 
8. Танымдық және эмоционалдық педагогикалық мақсаттар таксономиясын ұсынған ғалым:
А) Дж.Дьюи 
В) Ш.Бюлер 
С) П.Блум 
D) Л.Кольберг 
Е) В.В.Давыдов
9. Педагогикалық жүйенің құрылымдық және функциялық компоненттерінің біреуінің 
жоқтығы мынаған әкеледі: 
А) Педагогикалық жүйенің жойылуына 
В) Оның қайта құрылуына
С) Дамуға әкеледі
D) Ыдырауына
Е) Бұрынғысынша қызметін атқарады 
10. Презентациялық, интенсивті түзетуші, диагностикалық қызметтер – бұл:
А) Мұғалімнің конструктивті іс-әрекетінің іске асырылуы 
В) Мұғалімнің гностикалық іс-әрекетінің іске асырылуы 
С) Мұғалімнің коммуникативтік іс-әрекетінің іске асырылуы 
D) Мұғалімнің ұйымдастырушылық іс-әрекетінің іске асырылуы 
Е) Мұғалімнің ұйымдастырушы лық қабілеті 
11. Түсіндіру, көрсету ,оқу міндетін шешудегі оқушылармен бірлесіп атқарған жұмыс , 
тренинг – бұл: 
А) Педагогикалық іс-әрекет өнімі 
В) Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі 
С) Педагогикалық іс-әрекет құралдары 
D) Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері 
Е) Педагогикалық іс-әрекет пәні 
12. Субъектің мінез-құлқы (іс-әрекетті жалғастыру немесе одан бас тарту) - бұл: 
А) Педагогикалық іс-әрекет нәтижесі 
В) Педагогикалық іс-әрекет өнімі 
С) Педагогикалық іс-әрекет құралы 
D) Педагогикалық іс-әрекет міндеті 
Е) Педагогикалық іс-әрекет тәсілі 
13. Н.Ф.Талызина бойынша мұғалімнің оқу үрдісіндегі іс-әрекеті: 
А) Меңгеру 
В) Оқу 
С) Үйрену 
Д) Оқыту 
Е) Аңғару 


14. Педагогикалық қабілеттерді жалпылау түрінде көрсеткен: 
А) Н.Д.Левитов 
В) Ф.Н.Гоноболин 
С) В.А.Крутецкий 
D) Л.М.Митина 
Е) Е.Д.Хмель 
15. В.А. Крутецкий бойынша педагогикалық қабілет. Артығын көрсет: 
А) Дидактикалық қабілет 
В) Перцептивтік қабілет 
С) Сөйлеу қабілеті 
D) Зерттеу қабілеті 
Е) Академиялық қабілет 
16. Оқушының ішкі дүниесіне ене білу , мұғалімнің психологиялық байқағыштығы - бұл: 
А) Дидактикалық қабілет 
В) Перцептивтік қабілет 
С) Коммуникативтік қабілет 
D) Ұымдастыру қабілет 
Е) Жеке даралық қабілет 
17. Баланың қызығушылығын тудыру, материалды анық және түсінікті жеткізе білу қабілеті-бұл: 
А) Дидактикалық қабілет 
В) Академиалық қабілет 
С) Сөйлеу қабілеті 
D) Коммуникативтік қабілет 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 
18. Оқыту және нақтылы іс-әрекетті ұйымдастырумен байланысты арнайы іскерліктер ... 
жатады: 
А) Психологиялық-педагогикалық іскерлікке 
В ) Жекелей әдістемелік
С) Арнайы іскерлік
D) Дидактикалық іскерлік
Е) Жекелей индивидуалдық іскерлік 
19. Педагогикалық психологияда мұғалімнін модульдық кәсіби компетенциясын зерттеген 
ғалым: 
А) А.К.Маркова 
В) Н.В.Кузьмина 
С) Л.М.Митина 
Д) Н.Ф.Талызина 
Е) Н.Д.Хмель 
20. Ұжымдағы басшылардың дұрыс емес әрекеті неге әкеледі: 
А) Қуаттылыққа 
В) Бірігушілікке 
С) Келесімге келуге 
D) Кикілжіңге 
Е) Ынтымақтастыққа 
21. Басқару стильдерін алғашқы рет эксперименталды түрде зерттеген: 


А) К.Левин 
В) Маслоу
С) А.П. Нечаев
D) А.А.Реан 
Е) А. Лазурский
22. Топ алдында тұрған жұмыстың шешілуіне және ұйымдастырылуына белсенді түрде қатысу – 
бұл басқарудың қай стилі: 
А) Өз бетімен жіберу 
В) Демократиялық 
С) Авторитарлық 
D) Либералдық 
Е) Либералдық- демократиялық 
23. Педагогикалық іс-әрекет стилінің қай түрінде нұсқау ұсыныс формасында беріледі: 
А) Авторитарлық 
В) Демократиялық 
С) Либералды 
D) Өз бетімен жіберу 
Е) Қоғамдық 
24. Педагогикалық іс-әрекеттің қай стилінде топтағы жұмыс өз бетімен жүреді: 
А) Авторитарлық 
В) Демократиялық 
С) Либералдық 
D) Либералды-демократиялық 
Е) Жеке даралық 
25. Іс- әрекетті ұйымдастыру “билігі”мұғалім қолында, бұл басқару стилінің ... түрі: 
А) Авторитарлық 
В) Демократиялық 
С) Өз бетімен жіберу 
D) Либералдық 
Е) Демократиялы-либералдық 
26. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі немен белгіленеді: 
А) Идея 
В) Іс-әрекет 
С) Роль 
D) Субъектілердің әр түрлі әлеуметтік-рольдік және функционалдық ұстанымдарымен 
Е) Ұстаным 
27. Сынып және топпен қарым- қатынас: 
А) Фронталды қарым - қатынас 
В) Дидактикалық қарым - қатынас 
С) Эмоциялық қарым - қатынас 
D) Қарсыласының қарым - қатынасының реакциясы 
Е) Қызығушылық 
28. Көзқарас, мимика, жест - қарым-қатынас құралының қай тобына жатады: 
А) Қарым-қатынас шарты 
В) Экспрессивті – мимикалық 


С) Заттық-әрекеттік
D) Заттық өзара - әрекеттік 
Е) Вербальды құралдар 
29. Бір-бірінің рухани әлеміне енетін өзара түсінушілікпен бекітілген ересектер мен балардың іс-
әрекет дамуындағы гуманистік идея-бұл: 
А) Бағынушылық
В) Ынтымақтастық 
С) Топтық іс-әрекет
D) Психологиялық климат
Е) Басқару 
30. Мұғалімнің қызығушылығымен қабілеттілігі қарым-қатынастың қай жағын белгілейді: 
А) Коммуникативтік 
В) Жалпы әлеуметтік - психологиялық 
С) Моральдық - этикалық 
D) Жеке даралық - тұлғалық 
Е) Қоғамдық - маңыздылық 
31. Ұстаздың әкімшіліктің нұсқауларын, жоғарыда түскен құжаттарды өзіне бағыт етуі: 
А) Гуманистік бағыт 
В) Эгоцентрлік бағыт 
С) Конформистік бағыт 
D) Бюрократтық бағыт 
Е) Когнитивтік бағыт 
32. Тұлғааралық қабылдаудың негізгі механизімдері. Артығын көрсет: 
А) Идентификация (теңдестіру) 
В) Эмпатия 
С) Симпатия 
D) Стереотипизация 
Е) Әлеуметтік-психологиялық рефлексия 
33. «Сократ», «Генерал», «Менеджер», «Топ дискуссиясының жетекшісі», «Шебер», 
«Жаттықтырушы», «Гид» 
А) А.К.Маркованың кәсіби позиция типологиясы
В) К. Левиннің кәсіби позиция типологиясы
С) М. Таленнің кәсіби позиция типологиясы
D) К.Роджерс бойынша кәсіби позиция типологиясы 
Е) П.Ф.Каптеревтің кәсіби позициясы
34. Педагогикалық қарым-қатынастың фасилитация функциясын көрсеткен ғалым: 
А) А.Б.Орлов 
В) А.А.Леонтьев 
С) А.Маслоу 
D) К.Роджерс 
Е) Дж. Дьюи 
35. Мұғалімнің педагогикалық тактіні бұзуымен байланысты баланың негативті психикалық 
жағдайы : 
А) Үрей 
В) Дидактогения 
С) Фрустрация 


Д) Невроз 
Е) Депрессия 
36. Оқу материалын оқушыға нақты, түсінікті етіп бере білу; пәнге қызығушылық тудыру; 
белсенді өзбеттілік ой тудыру. Қиын материалды жеңіл, түсініксізді-түсінікті қылып бере 
білу қабілеттілігі. Оқушыны өзбетімен еңбек етуге үйрету, білім алуға жол сілтеп отыру. 
А) Дидактикалық қабілеттілік 
В) Академиялық қабілеттілік 
С) Перцептивті қабілеттілік 
D) Сөйлей алу қабілеттілігі 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 
37. Нақты ғылым бойынша (математика, физика, биология, әдебиет) қабілетті мұғалімнің өз 
пәнін, курсын көлемі бойынша ғана емес, терең де ауқымды түрде меңгеруі, ғылыми 
жаңалықтарды үнемі бақылап отыру, шағын болса да ғылыми жұмыс атқару 
А) Дидактикалық қабілеттілік 
В) Академиялық қабілеттілік 
С) Перцептивті қабілеттілік 
D) Сөйлей алу қабілеттілігі 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 
38. Оқушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу қабілеттілігі; психологиялық байқағыштық, түсіну, 
талдау. 
А) Дидактикалық қабілеттілік 
В) Академиялық қабілеттілік 
С) Перцептивті қабілеттілік 
D) Сөйлей алу қабілеттілігі 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 
39. Ойды нақты, анық, түсінікті түрде жеткізе алу қабілеттілігі, мимика, пантомимиканы қолдану. 
Ұстаз сөзінің үнемі оқушыларға арналуы: 
А) Дидактикалық қабілеттілік 
В) Академиялық қабілеттілік 
С) Перцептивті қабілеттілік 
D) Сөйлей алу қабілеттілігі 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 
40. Оқушы ұжымын ұйымдастыру, жоспарлау, бақылау 
А) Дидактикалық қабілеттілік 
В) Академиялық қабілеттілік 
С) Перцептивті қабілеттілік 
D) Сөйлей алу қабілеттілігі 
Е) Ұйымдастырушылық қабілет 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет