78
Этнопедагогикалық әлеуметтену
. Жалпы адами және ұлттық құндылықтарды саналы
меңгеру. Мемлекеттік, өз тілін және әлем халықтарының тілін меңгеру. Халықтың әдет-
ғұрыптары мен діни әдет-ғұрыптары туралы білім. Салауатты өмір салты. Эстетикалық
талғам, жақсы жүріс – тұрыстар (манералар).
Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу
. Жалпы адами құндылықты меңгеруде шығармашыл
іскерлік пен дағдыны меңгеру. Қабілетті дамыту. Іс-әрекетке деген қажеттілік. Білім,
іскерлік, дағды, дамыған интеллект. Интуиция. Шығармашылық бейімділік.
Политехникалық және еңбектік әлеуметтену
. Экономиканың негізі туралы білім.
Күрделі өмірлік проблемаларды шешудегі экономикалық ойлаудың дамуы. Әр түрлі
мамандықты игеруге бейімділік. Карьераны дамытудың өзіндік моделін құру іскерлігі
және оның өзгермелі жағдайдағы ролін түсіну. Әлеуметтік мақсатты бағыттылық,
іскерлік, іскерлік қатыстағы жауапкершілік, зорлық-зомбылыққа шыдамсыздық және
әділдік, жаңаға қатынастағы ашықтық; ойлаудың сыншылдығы, өткендегілерден сабақ
алу іскерлігі, жалпыадами құндылық контексінде өз тәжірибесін рефлексивті ойлау.
Еңбек сүйгіштік, шаруақорлық. Бәсекеге қабілеттілік. Компьютерлік білімділік. Үйді
жабдықтау, отбасына жағдай жасау.
Әлеуметтік-мәдени әлеуметтену
. Азаматтық және әлеуметтік белсенділік. Адамзаттың жинақтаған
тәжірибесін көбейту және сақтау. Әр түрлі ұжымдық, топтық, дербес әрекетте азаматтық мінез-
құлық тәжірибесін қалыптастыру. Өзімшілдігін басу іскерлігі. Ұжымда жұмыс істей алу, бірлесу.
Үнемі өзгермелі әлемде өмір сүре білу іскерлігі. Өз қылықтары үшін жауапкершілікті өзіне алуға
даярлық. Адамзаттың алдыға қарай жылжуы тек дербес қажырлық пен барлық адамдардың
белсенді бірігуі (ымыраласуы) нәтижесінде ғана екендігін сезіну.
Сонымен,
әлеуметтену нәтижесі,
жеке тұлғаның әлеуметтік толысуы (мамандықты игеруі, өз
беттілік; адами толысу); интеллектуалдық толысу (әлеуметтік рөлдерді орындауға қабілетті ақыл-
ойдың дамуы); құқықтық толысу (құқығы мен міндеттері туралы білім); саяси толысу (азаматтық
борыш сезімі, әлеуметтік-саяси белсенділік).
5.
Әлеуметтендіру институттары – жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге
икемдейтін, әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы нақты топтар:
отбасы;
мектеп;
еңбек ұжымы;
жоғары оқу орындары;
Бұқаралық ақпарат құралдары;
микроорта;
әлеуметтік топтар;
қоғамдық ұйымдар.
Достарыңызбен бөлісу: