92
манера, әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын
бірлік пен ынтымақтастық құрылады.
Қалыптастырушы.
Қарым-қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының
және
өзіндік санасының қалыптасуы, оның дамуының стимуляторы: басқа адамдармен
қарым-қатынасқа түсе отырып, өзіне басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында
өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілікті байқайды және осы қажеттілікті
өзін-өзі тәрбиелеу
процесінде жүзеге асырады.
Дамытушы.
Қарым-қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеу-меттік-психологиялық
механизмі
мен еліктеу, адам идеалындағы сапа,
қасиеттерімен қоса бейнені
қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін-өзі дамытуға деген үлкен стимул!
Танымдық.
Қарым-қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру процесі жүзеге
асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.
Мәліметтік.
Қарым-қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым-қатынас
процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды
қатынастар, қызығушылықтар, көңіл-күй, сезім де меңгеріліп, тасымалданады.
Ұйымдастырушылық.
Қарым-қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады:
тәрбие өнері ең алдымен – қарым-қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым-
қатынаста жеке тұлғаның
өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік
(партнер) сапаларын жүзеге асыруға деген ұмтылысы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: