Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет75/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   161
Байланысты:
Пед псих

Мнемикалық қабілеттілік 
Адамның мнемикалық қабілеттері 
– адам есінің түрлері мен үрдістерінің көрініс беретін 
қабілеттері, материалды сақтау мен қайта бейнелеудің жылдамдығы, нәтижелігі, 
нақтылығы т.б. 
1.
Сабақта есте сақтауға деген бағдардың сақталуы. 
2.
Есте 
сақталуға 
тиіс 
материалдарға
оқушылар зейінінің қандай да бір тәсілдер арқылы аударылуы.
3.
Жекелей оқушылардың мнемикалық қабілетінің дамуы жөнінде мұғалімдегі түсінік. 
4.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің орташа көрсеткішінің ескерілуі. 
5.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің дербес көрсеткіштерінің ескерілуі. 
6.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің жыныстық және жастық ерекшеліктерінің ескерілуі. 
7.
Естің бірнеше түрлері (бейнелік, сөздік–логикалық, қимыл-қозғалыстық, эмоционалдық) 
өзгешеліктердің ескерілуі. 
8.
Проактивті және ретроактивті тежелу эффектісінің ескерілуі. 
9.
Есте сақтаудың ұйымдастырылуы: материалдың көлемі, уақыт бойынша бөлу, 
материалды құру, тілдік көркемделуі. 
10.
Пысықтаудың ұйымдастырылуы.
Қолданылған әдебиетттер: 
1. Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002, С. 49-67. 
6 - СҰРАҚ. ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
 
1. Оқу іс-әрекеті туралы түсінік 
2. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұны 
3. Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар 
1
. Оқытудың жалпы теорияларының негізін салушылар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, 
А.Дистервег, И.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Ф.Каптерев, С.Т.Шацкий, П.П.Нечаев, 
М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, сондай-ақ ХХ 
ғ. ортасында өмір сүрген кеңестік және шетел ғалымдары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, 
И.Лингарт, И. Ломпшер және т.б. Аталған ғалымдар еңбектері негізінде 
оқу іс-әрекетінің
психологиялық теориясы
пайда болды. 
Оның 
авторлары 
Д.Б.Эльконин, 
В.В.Давыдов, 
А.К.Маркова, 
П.Я.Гальперин, 
Н.Ф.Талызина іс-әрекет теориясын кең контексте қарастырса, нақты психологиялық 
негізін 
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн
, нақты мазмұнын 
А.Н.Леонтьев
берген. 


44 

Оқу іс-әрекеті
– кең мағынада 
үйрету, үйрену, оқыту
ұғымдарының синонимі ретінде 
қолданылады. 
Тар мағынада (
Д.Б.Эльконин бойынша
) – кіші мектеп жасындағы-лардың іс-әрекетінің 
басты типі. 

Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова еңбектерінде «оқу іс-әрекеті» ұғымы 
әрекеттік мазмұн мен мағынада толықтырылып барлық жас кезеңдеріне тән екендігі 
айтылады, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің диалог (полилог) және дискуссияны 
пайдалана отырып теориялық білімдерді және олармен байланысты ғылым, өнер, 
адамгершілік, мораль және дін сынды қоғамдық сана сфераларында іскерлік пен дағдыны 
меңгеруге бағытталған іс-әрекет түрлерінің бірі. 

С.Л.Рубинштейн бойынша, оқу іс-әрекеті 
субъектінің оқыту пәніне қатынасы
деп 
түсіндіріледі. 

Оқу іс-әрекеті
– оқу әрекетінің жалпылай тәсілдерін меңгерудегі оқытушы тарапынан 
қойылған оқу міндеттерін шешуде сыртқы бақылау мен бағалау негізінде, өзін-өзі 
бақылау мен бағалау процестеріне ауысатын өзін-өзі дамытудағы субъектінің әрекеті. 

 
Оқу іс-әрекеті
іс-әрекеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылды. Ол білім алушыға 
субъект ретінде оны жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы, 
танымдық, теориялық және практикалық әрекеттердің сан алуан түрлері мен 
формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті 
де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған. 

 
И.И.Ильясов бойынша, оқу іс-әрекетінің оқытудың басқа формаларынан 
айырмашылығы
ретінде 5 негізгі сипаты: 
1) Оқу іс-әрекеті – ол арнайы оқу материалы мен оқу міндеттерін шешуге бағытталған; 
2) Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі; 
3) Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады; 
4) Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгертуге әкеледі (Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша ол 
оның негізгі сипаттамасы); 
5) Нәтижесінде білім алушылардың психикалық қасиеттері дамиды және мінез-құлқында 
өзгерістер байқалады (И.Лингарт). 

 
Оқу іс-әрекетінің әрекеттік сипаты


Оқу процесінің 
қоғамдық
сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және 
ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған; 
мағынасына қарай
қоғамдық мәнді және 
қоғамдық бағалаушы болып табылады; 
формасына қарай
қоғамда жинақталған құқықтық 
нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, 
мектептерде, гимназия-ларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген 
басқа іс-әрекеттер сияқты оқу іс-әрекеті 
субъективтілігімен, белсенділігімен, 
пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет