Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет94/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   161
 

 
Педагогикада

Жаңа туған бала (алғашқы 1 жыл) 

Мектепке дейінгі балалық (1 жастан 3 жасқа дейін) 

Мектепке дейінгі жас (3 жастан 6 жасқа дейін) 
-
кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас) 
-
орта мектепке дейінгі жас (4-5 жас) 
-
жоғары мектепке дейінгі жас (5-6 жас) 

Кіші мектептегі жас (6 жастан 10 жасқа дейін) 

Орта мектеп жасы (10 жастан 15 жасқа дейін) 


58 

Жоғары мектептегі жас (15жастан 18 жасқа дейін) 


59 
А. Валлон бойынша жас сатысындағы даму кезеңдері

А

Валлон психикалық эволюцияның кезеңдерін бір кезеңдерде белгілі функциялардың 
күшеюі немесе бәсеңдеуі байқалатын қайта ұйымдастырудың үзік жолы деп қарастырды, 
ол даму барысындағы конфликтілерді, қарама-қайшылықтарды зерттеу қажет екендігін 
айтады. А.Валлон бойынша, когнитивті процестердің дамуы эмоционалды және жеке 
тұлғалық дамумен тығыз байланысты және психикалық тірлік генезисінде эмоция 
бәрінен де бұрын көрінеді және бала психикалық тіршілік етуге тек эмоцияның 
арқасында ғана қабілетті, тек эмоция ғана баланы оның әлеуметтік ортасымен біріктіре 
алады. Валлон барлық балалар үшін даму ритмінің бірдей екендігін мойындамаса да 
өзінің белгілерімен сипатталатын, баланың басқа адамдармен қарым-қатынасымен 
ерекшеленетін кезеңдерді бөліп қарастырады. 
А.Валлон 
бойынша балалықтың бірізді кезеңдері:
1.
Импульсивті кезең
(6 айға дейін) 
2.
Эмоционалды кезең
(6 айдан 10 айға дейін) эмоция (қорқу, ашулану, қуану т.б.) арқылы 
басқалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Эмоционалдық қимыл-қозғалыстың тікелей 
байланыс-тылығы. 
3.
Практикалық ойлаудың басы
(10 айдан 14 айға дейін) – дыбыс, сөз, қимыл-қозғалысты 
тани бастайды, өз тілегін қимыл-қозғалыс, сөз арқылы білдіреді.
4.
Проективті кезең
(14 айдан 3 жасқа дейін)- еркін сөйлеу, сөйлеуді меңгеруге 
байланысты бала дамуының тәуелсіздігі; бала объектілерді зерттеуге қабілетті және осы 
заттың атын оның қасиетімен бірге танып біледі, істің (әрекеттің) ойға ауысуы еліктеу 
барысында мүмкін болады. 
5.
Дербестік кезең 
(персоналистік) (3 жастан 6 жасқа дейін) – ол өз ішінде 3 кезеңнен 
тұрады: 

 
Қарама-қарсы қойып салыстыру кезеңі (3 жас)
– бала өзін басқаларға қарсы қояды, өзін-
өзі бекітеді, ересектерді таңдамайды, Валлон бойынша осы кезден бастап бала өзінің ішкі 
әлемін сезіне бастайды. Сондай-ақ балада заттарды формасына, түр-түсіне, көлеміне 
қарай ажырату қабілеті пайда болады.

 
Нарциссизм кезеңі (4 жас)
өзіне деген қарқынды қызығушылық байқатады, өзін жақсы 
жақтан көрсеткісі келеді, өзінің ерекше қабілеттілігіне сенеді (мысалы, ол тақтайдан 
күшті), когнитивтілік жағынан қабылдау абстрактілікке айналады, сызық, графикалық 
белгілерді ажыратуға қабілетті.

 
Еліктеушілік кезеңі (5 жас)
бала адамдарға, әлемге зейін қоя бастайды, адамдарға 
үйірсектікті сезінеді, сондықтан осы кезеңдегі тәрбие «симпатияға толы болуы қажет». 
Бұл кезеңде балада еліктеушілік пайда болады және ролдерді меңгереді. Кейіпкерлерді өз 
ойынан туындатады. Бала ойлауында синкретизм, демек тұтасты жеке бөліктерге бөліп 
алғанымен, оларда қайта байланыстырып тұтас күйге келтіре алмау байқалады.
6.
Оқу кезеңі
(6 жастан 12 жасқа дейінгі) бала сыртқы әлемге бет бұрады, заттар, олардың 
қасиеттері, белсенділіктің әр түрлі формалары туралы білімді меңгереді; ойлау 
объективті бола бастайды, ақыл-ой іскерлігі мен операциялары қалыптасады.
7.
Жыныстық жетілу кезеңі
: жеткіншектің зейіні өзіне, өз қажеттілігіне, мүмкіндігіне 
бағытталған. Өзінің тәуелсіздігін және ерекше екендігін дәлелдемек. 

 
Туғаннан жасөспірімдік шаққа дейінгі дамудың жалпы үлгісі (Қосымша А); Баланың 
интеллектуалдық дамуы (Ж.Пиаже бойынша) (Қосымша Ә); Жеке тұлғаның даму 
сатылары (Э.Эриксон бойынша) (Қосымша Б); Адамгершіліктің даму кезеңдері 
(Л.Кольберг бойынша) (Қосымша В); мақсаттың қалыптасуы мен оған жетуге 
байланысты тіршілік циклының фазалары (Ш.Бюллер бойынша) (Қосымша Г); Д.Б. 
Эльконин бойынша жас кезеңдері (Қосымша Д). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет