Іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері;
Оқушылардың ерекшеліктері.
Педагогикалық іс-әрекет
стилдерінің түрлері (А.К.Маркова бойынша)
Өктемшілдік стиль . Оқушы тең құқылы серіктес емес, педагоги-калық әсер ету объектісі
ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақ-ты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған
талаптарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен
шәкірттердің пікірлерін есепке алмай, өз құқықтарын пайдала-нады. Осының салдарынан
шәкірттері белсенділіктерінен айыры-лады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында
агрессия пайда болады. Оқушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес,
психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің
негізгі әдісі – бұйрық, ақыл айту. Мұғалімге өз кәсібіне қанағаттанудың төмендігі және
кәсіби тиянақсыздық тән.
Демократиялық стиль. Оқушымен қарым-қатынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде
әріптес. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке
алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардың
тұлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға әсер ету әдістері – түрткі болу, кеңес,
өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты, қанағаттану, өзін-өзі жоғары
бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінің психологиялық іскерліктеріне көбірек назар
аударады, оларға кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастама-ны оқушыларға,
әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз
орындайды, жалтақтаушы-лық, толқу байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат,
жасырын қатынастар байқалады.
Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі: