Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін pp 2228 Педагогикалық психология пəні бойынша



Pdf көрінісі
бет130/161
Дата24.11.2023
өлшемі3,74 Mb.
#125465
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   161
Байланысты:
Пед псих

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері: 

 
Ұйымдастырушылық
ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, 
өзіндік сын, т.б. 

 
Коммуникативтік
– 
зейінділік, 
қайырымдылық, 
ашықтық, 
мейір-бандық, 
қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.

 
Экспрессивті-перцептивті
байқағыштық, креативтілік, интел-лектуалдық, белсенділік, 
зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сын-шылдығы, икемділік.

 
Кәсіби қабілеттілігі 

 
Дене және психикалық денсаулығы 
– эмоционалды – еріктік тонус-тың жоғарылығы, 
оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елге-зектік.

 
Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша): 
Объективті мазмұндағы
: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі), ғылыми дайындығы, 
қосымша 
пәндер 
туралы 
білімі; 
пәннің 
методологиясымен, 
дидактикалық 
принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру. 
Субъективті мазмұндағы
: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері. 

Педагогтың субъективті қасиеттерін 
анықтаушы бағыттар
(Роджерс бойынша): 

 
Гуманистік бағыт
– ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы; 

 
Эгоцентрлік бағыт 
– ұстаздың тек өзіне, өз мүддесіне, қажеттілігіне назар аударуы; 

 
Бюрократтық
(төрешілдік) бағыт – ұстаздың әкімшіліктің нұсқау-ларын, жоғарыдан 
келген құжаттарды өзіне бағыт етуі. 

 
Конформистік бағыт
– ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас 
жасауға негізделуі. 

 
Авторитеттік бағыт
– ұстаз оқушының ата-аналарына, олардың қоғамдағы орнына 
сүйенуі. 

 
Когнитивтік бағыт
– ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі. 

Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М.Тален бойынша): 
 
«Сократ» –
пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі 
конфронтацияны туындатушы болғандық-тан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда 
жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.
 
«Генерал» –
екі ойлылықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатаң түрде жететін 
педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, оқушыны армиялық тәртіпке, 
бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді. 
 
 
«Топ дискуссиясының жетекшісі» 

оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында 
келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, 
дискуссия нәтижесі-не қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлді 
атқарады.
 
«Менеджер» –
белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке 
бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шеші-луге тиіс міндет-мазмұнды сапалы 
бағалауға, талдауға ұмтылады.
 
«Шебер» –
өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді. 
 
«Жаттықтырушы» 

бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын 
қалыптастырушы. Оқушылар мұнда бір команданың мүшесі сияқты, әрқайсысы жеке 


90 
индивид ретінде маңызды емес, ал бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог
 -
топқа 
дем беруші, мұндағы ең басты соңғы нәтиже – жеңіс, табыс. 
 
 
«Гид» –
білімді, жан-жақты, энциклопедист бейнесінде. Қысқа сөйлейтін, тура, өзін-өзі 
ұстай алатын адам. Берілген сұраққа жауабы үнемі дайын.
5.
Педагогикалық іс-әрекет стилі

Іс-әрекет стилі, 
объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-
психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық 
құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (
В.Э.Чудновский
).
 

Педагогикалық іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар:
 

 
Іс-әрекет субъектісі мұғалімнің жеке даралық-психологиялық ерекшеліктерін, ол 
даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды;
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет