Білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларына «Жануарлар биохимиясы»



бет9/47
Дата18.02.2022
өлшемі429,02 Kb.
#25853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Жұмыс орындау тәртібі: Бұл жұмыс үш этаптан тұрады.

1. Буфер ертінділерін әзірлеу.

Нөмірленген алты колбаға бюретканың және пипеткалардың көмегімен кестеде көрсетілгендей 0,2н КСІ, 0,2н НСІ және дистилденген су құйылады. Жұмыс дұрыс орындалған жағдайда алты колбаның әр қайсысындағы ертінділердің рН мәні таблицада көрсетілгендей болады.



2. Түсті стандарт шкаласын дайындау.

Нөмірленген алты пробиркаға нөмірленген алты колбаның әрқайсысынан 10 мл қоспа құйып, барлық пробиркаларға 5 тамшыдан индикатор тимол-блау қосады. Бұл түрлі-түсті алты пробирка стандарт шкаласы болып саналады. Сондықтан олардың түсімен тексерілетін ертінділердің түсі салыстырылады.



3. Зерттейтін ертіндінің рН-ын анықтау.

Пробиркаға пипеткамен 10 мл тексерілетін ертіндіні құйып, оған 5 тамшы индикатор тимол-блау қосып, пайда болған бояуды стандарт шкаласымен салыстырады. Тексеріліп отырған ертіндінің рН-ы түрлі-түсті стандарт шкаласының қай пробиркасымен дәл келсе, оның рН-ы соған тең болады.



Қосымша нұсқау.

1. Таблицада көрсетілген ертінділердің мөлшерін дәл деп алып, жақсылап араластыру қажет.

2. «Ерітінділер. Дисперсті жүйе» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма.

Дәріс конспектісін пайдалана отырып «Ертінділер» тақырыбына дайындалу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет