Жұмыстың орындалу тәртібі: 300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады. Екінші колбаға тек 10 мл этил спиртін құйып тәжірибені қатар жүргізеді. Екі колбаға да 5 мл 5 % йодтың спирттегі ертіндісі мен 200 мл жылы су /20-30°С/ құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды. Екі колбадағы йодтың артық мөлшерін 0,1н гипосульфит ертіндісімен титрлейді. Индикатор ретінде 10-12 тамшы 1%крахмал ертіндісін пайдаланады. Титрлеуді ертіндінің көк түсі жойылғанға дейін жүргізед. Майдагы йод санын мына формула бойынша анықтайды