1. Психологияның заң ғылымы саласындағы алатын орны
2. Заң психологиясының түсінігі, оның құрылымы
3. Заң психологиясының мақсаттары мен міндеттері
4. Заң психологиясының құрылымы мен мазмұны
5. Алдын ала тергеу барысындағы тергеушінің жұмысындағы психологиялық негіздер.
6. Заң жұмысының психологиялық ерекшеліктері.
7. Заң психологияның жүйесі
8. Психологияның жүйесі
9. Заң психологиясының түсінігі.
10. Заң психологиясының құрылымы.
11. Заң психологиясының мазмұны
12. Заң психологиясының міндеттері мен мақсаттары.
13. Қазақсатнда құқықтық мемлекет құрылу кезендегі заң психологиясының ролі
14. Психологиялық контактіге кірудің мақсаты
15. Қылмыскердің жеке басының түсінігі.
16. Қылмыстық мінез құлықтың түсінігі, схемасы.
17. Заң психологиясы психология ғылымы мен тұтас ғылым ретінде
18. Тінтудің түсінігі , оның түрлері және міндеттері.Тінті алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. Тінтудің тактикалық әдістері.Қарау және тінтудің психологиялық ерекшеліктері
19. Заң жұмысының психологиялық ерекшеліктері.
20. Тергеу жүргізуге көмектесушілер
21. Соттық психологиялық сараптаманың мәні
22. Соттық сараптаманың тағайындалуы
23. Тергеу экспериментінің түсінігі оның түрлері және міндеттері
24. Тергеу экспериментіне әзірлік жұмыстары
25. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер.
Заң психологиясы пәніне арналған бақылау сұрақтар
Жәбірленушінің жасы, жынысы, ұлты, қызметтік – әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттегенде қандай әдіс қолданылады? Статистикалық сала.
Жәбірленушінің қылмыстық әрекеттің басталуы мен аяқталуы барысындағы мінез-құлықы? Дианмикалық сала.
Васильев: 1. Іздеушінің талаптары
Оның қылмыстық білімі
Өмірлік тәжиребесі үлкен рөл атқарады.
Мединский: Ең бастысы сот психология, оның философиялық ойлауы адамға және қоғамға қатынасы.
Соттық психологиялық экспертиза – шындықты табудың тәсілдерінің негізгі әрекеті және қылмыстық іске байланысты дәлелдерді келтіруші.
Қылмыстық әрекетке психологиялық анализ дегеніміз – қылмыстық әрекеттің құрылымдық элементтерінің мазмұнына психологиялық талдау жасау.
Бағыттаушылық құрылым дегеніміз – тұлғалық әлеуметі маңызды тұрақты қасиеттерінің жиынтығынан тұратын тұрақты қылмыстық жүйе.
Тәжірибелік құрылым дегеніміз – тұлғалық білім, әдет, ішкі ниет көрінісіне байланысты жетекші рөль атқаратын қасиеттері.
Тергеу іс-әрекеті психологиясы дегеніміз – құқық бұзушылықты ашу кезінде ақиқатты орнату, қоғамның әлеуметтік құндылықты құқықтық жағдайда қорғау.
Антисоциалды тип – ашулы, кәсіби қылмыскер тұлғасына сәйкес, қылмыстық іс-әрекетке әрқашан да дайын тұрғандығын байқатады.
Асоциалды тип – тұлғаның антиқоғамдық мінез-құлқы әлеуметтік жағдайда қалыптаспаған, ол әлеуметтік позициясымен сипаттайды.
Пенитенциярлы психология мәселесін ең бірінші қарастырған М.Н. Гернет
Пенитенция лат. «Өкінетін, түзелетін» деген мағынаны білдіреді.
Түрмедегі адамдардың мінез-құлқының және психикалық өзгеру динамикасын зерттеген, нәтижесінде «Очерки тюремной психологии» еңбегін жазған? М.Н. Гернет
Ғылыми зерттеу әдістері құқық нормаларымен реттелетін адамдардың арасындағы қатынастардың психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
Қылмысқа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу үшін ғылыми негізделген ұсыныстар дайындайды.
Тұлғаға психологиялық әсер ету әдісі – қылықтық әрекеттің алдын алуға, қылмысын ашуға, қылмыскерді қайта тәрбиелеуге, әлеуметтік ортадағы өмір сүру жағдайына бейімдеуге.
«Криминальная психология» Ю.И. Антонян, В.В. Гульдан«Судебная патопсихология» автор Л.М. Балабанова
«Юридическая психология» В.Л. Васильев
«Общая и юридическая психология» М.И. Еникеев
«Психология преступления и наказания» Ю.М. Антонян
«Введение в судебно-психологическую экспертизу» М.М. Коченов
Кітаптағы сұрақтар
Заң психологиясы пәнінің ерекшелігі – ақиқатқа жету үшін осы хал-күйлердің құқықтық маңызын зерттеу.
Психологиядан хабардарлық – құқықтық қызметтегі кәсіби мәселелерді шешуге арналған қажетті психологиялық кешенді білімдер.
Психологиялық мәдениет – заңгердің өзінің психологиялық денсаулығын ойлауы, теріс психикалық жағдайды жеңу шеберлігі, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауы.
Заңгер қызметінің негізі – адамдармен жұмыс істей алуы.
Заң психологиясы – жалпы психологияның қолданбалы саласы.
«Психология» терминін алғашқы рет қолданған 16 ғасырдың аяғында өмір сүрген неміс схоласты Гоклениус
Заң психологиясы – «адам – құқық» жүйесінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылыми-педагогикалық пән, ол – осы жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстарды жасап, дайындайды.
Заң психологиясы жалпы психологиядағы, құқықтанудағы әртүрлі тәсілдерді қолданады. Зерттеу мақсаты бойынша сот психологиясының тәсілдері мынадай топтарға бөлінеді: 1) ғылыми зерттеу тәсілдері;
2) тұлғаға психологиялық ықпал ету тәсілдері;
3) сот-психологиялық сараптаманың тәсілдері.
Ғылыми-зерттеу әдістерінің көмегімен құық нормаларымен реттелетін адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың психологиялық заңдылықтарын зерттейді, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу үшін ғылыми негізделген ұсыныстарды дайындайды.
Сот-психологиялық сараптама тәсілдерінің мақсаты тергеу және сот органдарының қаулысы бойынша сарапшы-психологтың толық және объективті зерттеуі.
Бақылау әдісі – тергеу және сот талқылауында тікелей өмірде адамның психикасының сыртқы көріністерін зерттеушінің арнайы ұйымдастырылған, мақсатты түйсікпен қабылдауы.
Субъективті бақылау әдісі – интроспекция (ішке үңілу). Әңгіме әдісі. Әрбір психологиялық зерттеудің мақсаты - тұлғаның ішкі дүниесін, наным-сенімдерін, мақсаттары мен мүдделерін терең танып білу.
Сауалнамалар әдісі – қатаң белгіленген қалып – анкета - бойынша көп адамдарды сұрау. Бұл әдіс анонимдікке негізделеді, сондықтан зерттеліп жатқан фактілер, құбылыстар, процестер бойынша объективті мәліметтер алуға мүмкіндік бар.
Сұхбат алу әдісі – анық белгіленген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Ол арқылы құқық қорғау органдары қызметінің ерекшелігі туралы әртүрлі мәліметтер алынады.
Психофизиологиялық әдістер – бұл әдістердің көмегімен орталық жүйке жүйесі қызметінің көрсеткіштерін зерттейді.
Интеллектуалды-психологиялық тесттер, олардың көмегімен адамның интеллектуалдық даму дәрежесін анықтайды.
Тұлға әлемінде үш негізгі психологиялық өрістерді бөлуге болады:
Бағыттылық (қажеттілік-мотивтік);
Оперциональды;
Модуляциялық (психофизиологиялық)
Бағыттылық өріс – тұлғаның итермелеуші күшін қамтиды: көзқарасы, сенімдері, идеалдары, қажеттіліктері, қызығулары, өмірлік жоспарлары, талаптары, мотивтері және т.б. Бұл компоненттер тұлғаның таңдамалы бағыттылығының белсенділігі мен қатынастарны анықтайды.
Оперциональды өріс – бағыттылық өріспен белгіленген мақсаттарға жету әдістері мен жолдарын қамтиды. Бұл өрісте екі бөлек компоненттер орын алады: моральды-іскерлік (жауапкершілік, адалдық, еңбеқорлық, парасаттылық және т.б.) және кәсіби-іскерлік (ұйымшылдық, қажырлылық, табандылық, батылдылық, қабілеттілік, білімділік).
Модуляциялық өріс – иерархиялық жүйеде ең төменгі, басқаларға қызмет жасайтын міндет атқарады. Ол тұлғаның басқа да өрістеріне көп қырлы әсерін тигізеді және психикалық ерекшеліктерінің ширақтығын, қозғалмалылығын, тұрақтылығын, жылдамдылығын білдіреді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір бөлшегі.
Заң психологиясының негізгі зерттеу объектісі – қылмыскер, заңгер, жәбірленуші, куә және т.б. құқықтық қатынасқа түскен тұлғалар.
Адамның темпераменті төртке бөлінеді: сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик.
Сангвиник – еті тері, тез қимылдайтын, іскер, бірақ ол өзін қызықтыратын жұмысы бар болғанда ғана сондай.
Холерик – жылдам қимылдайтын, шыдамсыз, екпінді адам. Жоғары белсенділігімен, жылдамдығымен ерекшеленеді.
Флегматик – сыртынан қарағанда салмақты және байсалды, жайбарақат, асықпайтын адам. Сезімдері, көңіл-күйі тұрақты, эмоцияларын және ішкі сезімнің қалпын ерекше жағдайда ғана білдіреді.
Меланхолик – аса қатты қайғыратын, белсенділігі өте төмен, сезімтал, ықпалы тұрақсыз адам. Олар өздеріне басқа адамдардың ішінде ең бақытсыз деп санайды.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір формасы және оның мазмұны мен дамуы қоғамдағы материалдық жағдайлармен себептеледі. Ол құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
Танымдық іс-әрекет мына процестерді қамтиды:
Сенсорлық (лат sensus – сезу сөзінен) таным процестері заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерін бейнелейді. Бұл әрекеттің психикалық нәтижесі «түйсік» деп аталады.
Перцептивтік (лат percipere – қабылдау, сезіну сөзінен) таным процестері заттар мен құбылыстарды біртұтас күйінде бейнелейді. Бұл заттар мен құбылыстардың психикалық бейнелері «қабылдау» деп аталады.
Интеллектуалдық (лат intellektus – ақыл, ес (жады) сөзінен) – ойлау процестері, құбылыстар арасындағы елеулі байланыстарды бейнелейді.
Түйсік – бұл біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ететін заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттері мен сапаларының адам санасындағы көрініс.
Қабылдау – сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен кездегі болмыстың заттары мен құбылыстарының көрініс. Қабылдау сезімдерінің қарапайым жиынтығы емес.
Психологияда есте сақтау қабілеті 4 түрге бөлінеді.
Сөздік-логикалық есте сақтау қабілеті ойларды есте сақтау мен қалпына келтіруде көрінеді. Кез келген ой міндетті түрде сөзбен берілетіндіктен, есте сақтау қабілетінің бұл түрі сөйлеумен тығыз байланысты.
Қозғалысты есте сақтау қабілеті деген – әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту.
Эмоционалды есте сақтау қабілеті – ертеректе орын алған эмоционалды күйлерді есте сақтауға деген қабілет. Әдетте жарқын эиоционалды бейнелер есте тезірек қалып, еске оңай түседі.
Адамның дүниетану процесінің ең жоғары сатысы – ойлау
Басқа эмоционалдық күйлердің ішінде заңгерлерді кәсіби қызықтырып отырған ол – фрустрация
Латын тілінде фрустрация «жолы болмау», босқа әлек болуды білдіреді.
Әлеуметтік-демографиялық, бұл топқа: жынысы, жасы, білімі, әлеуметтік орны, мамандығы, рольдік, шкала және т.б. жатады.
Әлеуметтік-психологиялық, бұл топқа: интеллектуалдық, ерік, адамгершілік қасиеттер, мінездік белгілер және т.б. кіреді.
Психофизиологиялық, бұл топқа: темперамент, күш, жүйке жұмысының ширақтылығы мен теңдігі және тұлғаның патологиялық ауытқулары жатады.
Кездейсоқ түрі: тұлғаның әлеуметтік-жағымды бағыты болғанымен, кездейсоқ жағдайларға байланысты адам қылмыс жасауы мүмкін.
Жағдайға байланысты түрі – адам қолайсыз жағдайлардың ықпалымен қалыптасуы мүмкін, бірақ, жалпы, бұл тұлғада жағымды жақтар басым болады.
Алғашқы рет қылмыс жасаған тұрақсыз тип, бірақ алдында әртүрлі заң бұзушылық қылықтарымен көзге түскен.
Кәнігі тип – бірнеше рет қылмыс жасаған, сондай-ақ осы іс үшін сотталған да.
Ерекше қауіпті қылмыскер тұлғасының түрі – рецидивистер.
Виктимділік дегеніміз – қылмыстан құрбан болуға бейім екенін көрсететін адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік белгілері мен қасиеттері.