Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Қазақстан Республикасының фармацевтика саласындағы нарықтық жағдайды талдау


Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы



бет5/7
Дата27.06.2023
өлшемі285,3 Kb.
#103515
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
3.2 Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы
Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ішінде Ресей мен Украина нарығынан кейін үшінші орынды қамтиды. IMS Health мәліметі бойынша ТМД фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесі 2014 жылы 7%-ды құрады.
Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы тұтыну үлесі – 78 АҚШ долл. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің қол жеткізген көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен.2015жылы Европа одағында, Шығыс Еуропада және ТМД-да жан басына шаққанда дәрілік заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібі шет елдік фармацевтика шикізатына, жабдықтар мен орама материалдарына айтарлықтай мұқтаж.
Қазакстанда 10 мыңнан астам дәрілік препараттар тіркелген, дүние жүзінің 100 елінен келген өкілдер жұмыс істейді. Импорт көлемінде Батыс, Шығыс Еуропа елдерінің үлесінің өсу үрдісі байқалады. Дәрілік заттардың импортын бағасы бойынша 68,6%-ын, саны бойынша 54,5%-ын қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Венгрия, Бельгия, Италия, Словения, Австрия және АҚШ кіреді. Отандық дәрілік заттардың өндірілуі Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының шамамен 8% –12%-ын құрайды»[9].
Аурушаңдықтың өсуі тұрғындардың дәрілік заттарға сұранысын тоқтаусыз арттыруға, әсіресе созылмалы бейэпидемиялық аурушаңдық тұрғындарды емдеуге қажетті дәрілік заттардың сұранысына тікелей әсерін тигізеді. Әсіресе жүрек-қан айналу жүйесінің аурулары, онкологиялық аурулар, ортопедиялық аурулар, тыныс алу, асқорту, несеп шығару ағзаларының сырқаттары жедел түрден созылмалы түрге айналып, стационарлық және амбулаторлық медициналық көмектің түрлерін арттыруда. Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында дәрілік заттарды қолдануға сұраныс арнайы көрсеткіштер жүйесімен зерттеледі.
«Қазақстан Республикасында тіркелген барлық ДЗ, МҚБ және МТ үлесі барлық тіркелген фармацевтикалық өнімнің жалпы санының 8,42%-ын құрайды. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім нарығының негізгі сипаттамасы – оның импорттық құрамының жоғары болуы. 2015 жылы медикаменттер импортының көлемі 932,7 млн. АҚШ долларын құрады (22,1 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда қысқару 16,8% құрады (сандық көлеммен 31,4%). Қысқару себебі теңгенің девальвациясы болды.Медикаменттер импортының бағасы бойынша алдыңғы қатарда Германия (16%), Франция (12%), Үндістан (9%) және Ресей (7%) . Дәрілік заттардың негізгі импортерлері — 10 елге бағасы бойынша барлық медикаменттер импорты көлемінің 60%-дан астамы сәйкес келеді. Айта кететін қызық факт – заманауи фармацевтикалық өндіріс бойынша алдыңғы қатардағы елдер АҚШ, Швейцария және Ұлыбритания бағасы бойынша да, саны бойынша да ҚР-дағы ДЗ басты он импортер елінің қатарына кірмейді.
Сонымен, Республикамызда дәрілік заттардың өндірісі өте баяу дамуда деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндіріс орындары Республикада тұтынылатын медикаменттер көлемінің құндық көлемінде 10%-дан аспайтын деңгейді көрсетеді. Алайда біздің Республикамыздағы ішкі фармацевтикалық нарық жоғары қарқында өсуде, бұл ахуал республика тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруымен халықтың әл-ауқатының өсуімен тікелей байланысты болып отыр. Халықтың қымбат жаңа брендттік фармацевтикалық заттарға сұранысының артуы отандық өнеркәсіптің ішкі нарықтағы орнын төмендетті, оның негізгі себебі арзан бағамен емдік қасиеті төмен дәрілік заттармен байланысты болып отыр. Осыған қарағанда фармацевтикалық нарықтың негізгі бөлігін брендік қасиеті жоғары патенті бар импорттық медикаментпен құрау үстінде деп айтуға болады.Осындай импорттық медикаменттердің құндық отандық деңгейі 90%-дан асады, олардың заттай деңгейі 70%-ға жақындайды. Отандық фармацевтикалық фирмалардың қаржылық табысы шетелдік фирмалардың табысынан айтарлықтай төмен болып отыр. Сонымен қаржылық нарықта фармацевтикалық орны жаңа инновациялық патенті бар тауарларды ұсынуға жол ашады.

«Біздің мемлекетімізде 2009 жылдан бастап отандық фармацевтикалық тауарды қолдау туралы Ұлттық бағдарлама жасалынды. Сонымен қатар Қазақстандық формулярлық жүйе анықталды. Осы құқықтық құжаттардың аясында отандық дәрілердің қолданысын кеңейтуге ЕПМ-нің қолданысында отандық дәрілердің қолдану аясын кеңейту қолға алынған. Басқаша айтқанда импорттық дәрілік заттарды отандық медикаменттермен алмастыру жұмысы мемлекеттік органдардың белсенуі арқылы жүзеге асырылып жатыр деп айтуға болады. Сонымен қатар отандық дәрілік заттарды диверсификациялау үшін дәрігерлер мен провизорлардың отандық дәрілерге деген көзқарастарын өзгертуге бағытталған жұмыстар қолға алынуда. Дәрігерлер мен провизорлар науқастардың отандық дәрілер туралы дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, оларға жарнамалап, шетелдік аналогтардан ерекшеліктерін баса көрсетіп, оларға деген сұраныстарды арттырып, сатылымдарын арттыру қажет»[11].


Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық өндіріс дамушы сала ретінде 78 ірі және кіші өндіріс кәсіпорындарынан, фармацевтикалық өнім шығаратын жергілікті және шетелдік өндірушілердің өндірістерінен тұрады. Ең ірі 10 зауыт үлесіне ҚР-да шығатын дәрілік заттардың құндық мағынада 95%-ы тиесілі.
Отандық фармацевтикалық нарықтың толық көрінісін түсіну үшін еліміздің фармацевтикалық өндірісінің тарихын қандай фирмалар жасағанын, қазіргі нарықтың дамуын қандай компаниялар анықтайтынын білу маңызды. Сондықтан да біз осы саладағы қазақстандық көшбасшыларды қысқаша сипаттаймыз.
«Қазақстандық фармацевтикалық нарықтың көшбасшылары “Химфарм” АҚ, “Нобел АФФ” АҚ және “СП Глобал Фарм” ЖШС.
ҚР фармацевтикалық саласының көшбасшы үштігін қысқаша сипаттау:
1.“Химфарм” АҚ SantoMemberofPolpharmaGroup – халықаралық фармацевтикалық топтың бөлігі болып табылатын компания, Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орта Азия нарығында жұмыс істейді. Компания Шымкент химиялық-фармацевтикалық зауытының базасында жұмыс істейді және оның иесі болып табылады.
Қысқаша тарих: Шымкент химиялық-фармацевтикалық зауытының тарихы 130 жылды құрайды. 2003 жылы зауыт Santo компаниясының жетекшілігімен жұмыс істей бастады.Зауыт Орта Азиядағы өндіріс, сату көлемі, өнім ассортименті бойынша ең ірісі болып табылады. Компанияның екі GMP сертификаты бар: біреуі ампуладағы инъекциялық ерітінділерді өндіру, екіншісі пакеттер мен құтылардағы инфузиялық препараттарды өндіру.
Қазіргі кезде компания GMP халықаралық стандартына сәйкес жұмыс істейтін фармацевтикалық өндірістердің модернизациясы бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады, оның көлемі шамамен 100 млн. АҚШ долларын құрайды. Осы жоба аясында Шымкент қаласында инфузиялар мен ампулалар шығаратын жаңа цех салынып, іске қосылды.
Зауытта негізгі бес цех жұмыс істейді, олар мына заттарды шығарады:
Таблеткалар, капсулалар, гранулалар.
Ампуладағы инъекцияялықерітінділер.
Бальзамдар, тұнбалар, сироптар; сулы, майлы спирттік ерітінділер
Инъекцияға арналған стерильді ұнтақ антибиотиктер.
Өсімдік шикізаты негізіндегі субстанциялар.
“Химфарм” АҚ Қазақстан Республикасындағы өз акцияларын қазақстандық KASE биржасының қорына “А” листингісіне салған жалғыз фармацевтикалық кәсіпорынболып табылады. “А” листингі – бұл листингтік компаниялардың бағалы қағаздарды жіберетін ең жоғарғы деңгейі, оған инвестициялық қауіп-қатері ең төмен бағалы қағаздар және тек қаржылық- тұрақтыкомпаниялар кіреді. СП Глобал Фарм ЖШС – Алматы қаласындағы дәрілік препараттардың таблетка және капсула түрлерін шығаратын заманауи зауыт түріндегі компания.
Қысқаша тарихы: Кәсіпорын 2000 жылдың қыркүйек айында Оңтүстік Кореяның ірі Хан Сео Фарм фармацевтикалық компаниясымен бірге құрылды, соңғысы фармацевтикалық нарықта 50 жылдан аса белгілі және дәрілік препараттардың 170-тен аса түрлерін шығарады.Зауыт дәрілік препараттардың бірінші партиясын 2002 жылдың сәуір айында шығарды.Қазіргі кезде зауыт ДЗ-дың 100-ден аса түрін шығарады, ал зауыттың өндірістік құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, оның құрамында өндірістік цехтар, шикізат және дайын өнім қоймалары бар.
Осы уақытта компанияда «Abdi Ibrahim» ірі халықаралық фармацевтикалық компаниясымен бірігу жұмыстары жүруде. Бұл қадамның мақсаты — компанияның нарықтағы орнын күшейту.

Нобел АФФ АҚ – Алматы қаласында орналасқан, жылына 120 млн. қаптама шығаратын күші бар жоғары технологиялық заманауи құрал- 63 жабдықтармен қамтамасыз етілген зауыты бар компания. Компанияның өнімдік сызығында ДЗ-дың капсула мен таблеткадан бастап жақпамай мен суспензияға дейінгі барлық түрлерін шығарады.


Қысқаша тарихы: Компанияның негізі 2002 жылы салынған. 2004 жылы бірінші 6 препараттың өндірісі іске қосылды. Қазіргі кезде зауыт 60-тан астам медикаменттер мен 200 фармацевтикалық препараттар шығарады. Компания ҚР-да алғашқылардың бірі болып фармацевтикалық өнім шығаратын GMP сапа сертификатын алды.ҚР-нда белсенді жұмыс істейтін фармацевтикалық өнім шығаратын компания-өндірушілердің жалпы санының ішіндне қазақстандық компаниялардың үлесі Қазақстан нарығының 4%-дан азын құрайды. ҚР-ндағы фармацевтикалық 20 өнім өндірушінің құрамына тек екі қазақстандық компания – Химфарм АҚ және Нобел АФФ АҚ кіреді. Рейтингтің қалған көп бөлігін шетел компаниялары құрайды»[12, 13].
Нарықтың қалған бөлігін онша ірі болмаса да маңызды фармацевтикалық компаниялар құрайды, оның басында «Карагандинский фармацевтический комплекс» ЖШС, «Досфарм» ЖШС, «Hуp-Май Фарм» ЖШС және «ТОО «Ромат» ЖШС тұрады. Айтылған компаниялардың барлығы толық циклдағы өндірістер болып табылады. Медициналық жабдықтар шығаратын толық циклді өндірісі бар кәсіпорын «Актюбрентген» АҚ болып табылады.
«Қазақстан Республикасында ТМККК арқылы отандық фармацевтикалық нарықтың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Өңдеу өндірістерін дамыту бағдарламасы аясында отандық өндірушілерге қолдау көрсетіледі. Дәрілікзаттарды, медициналық қажет бұйымдар мен медициналық техника, сонымен қатар олардың жарнамасын тіркеу, сертификаттау, сапаны бақылау қамтамасыз етіледі. Ұлттық ақпараттық дәрілік орталық құрылды. Бюджеттің ақшасына алынатын медикаменттердің бағасын мемлекуеттікреттеу енгізілді. Бұдан басқа курс алмасудың еркін режиміне ауысуға байланысты 2015 жылдың 20 тамызынан бастап дәрілік заттардың бағасының өзгеруі мен олардың халыққа қолжетімділігі туралы мәселе өте маңызды болды. Сондықтан республикамыздың барлық аймақтарында дәрілік заттарға және медициналық қажетті бұйымдарға қойылатын бағаларды ұстап тұратын меморандумдар жасалуда. Бұл қадамның негізгі мақсаты халықтың әлеуметтік әлсіз бөлігіне қолдау көрсетуболып табылады»[14].
Қазақстанда қазіргі фармацевтикаға қатысты мәселенің бірі препараттардың бағасы болып отыр. Қазіргі кезде «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодекске сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында дәрі-дәрмек құралдарының бағасын мемлекеттік реттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
«ТМККК бойынша алдын-ала бағаларды қою мәселелері мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қарастырылған.
VIORTIS консалтингтік агенттігінің мәліметі бойынша, бөлшек саудадағы фармацевтика нарығы келесідей баға сегменттерін ұсынады: 1 доллардан қымбат емес дәрілік препараттар бөлшек нарықтың 7,7%-ын, 1 доллардан қымбат дәрілер 28,7%-ын, 5-10 доллар арасындағы дәрілер — 29,2%, 10-20 доллар аралығындағылар — 21,6%, 20 доллардан қымбаттары 12,8%-ын құрайды. Қазақстанның бөлшек нарығындағы дәрілік құралдардың 75,5% шетелдік өндірушіерге тиесілі. Ал мемлекеттік сатып алу аясындағы отандық фарммацевтикалық өнімдердің үлесі 50%-ды құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет