Білім беру бағдарламасы бойынша Жеке тапсырма тақырыбы Қазақстан Республикасының фармацевтика саласындағы нарықтық жағдайды талдау


Қазіргі жағдайда Қазақстанның фармацевтикалық нарығы



бет6/7
Дата27.06.2023
өлшемі285,3 Kb.
#103515
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
зангар практика

3.3 Қазіргі жағдайда Қазақстанның фармацевтикалық нарығы
Нарықтың оның дамуын тежейтін әлсіз жақтарына импорт бағыныштылықтың жоғары болуын, соның ішінде, отандық нарықта Европалық Одақ елдерінің, Үндістан, Турция мемлекеттерінің фармацевтикалық 67 компанияларының басым жағдайын; қазақстандық мекемелердің GMP халықаралық стандарт талаптарына сай болмауына байланысты (қазіргі кезде ҚР бес өндірушісінің тек 9 өндірістік сегментінде ғана GMP стандартына сәйкес қорытынды бар) экспорттық потенциалының төмен болуын; халықаралық стандартқа сай жұмыс істейтін қызметкерлердік жоқтығын, жалпы фармацевтикалық салады қызметкерлердің жетіспеушілігін; кредитті ресурстарға қолжетімділіктің болмауын; заманауи өндіріс технологияларының болмауын; препараттарды тіркеу шараларының ұзақтығын; қымбат тұратын шынайы препараттарды мемлекеттік сатып алу концентрациясын; импортты препараттарды сатып алуға дистрибьютерлерді қосқанда бірегей нарықтың қызығушылығын жатқызуға болады.
Дәріхана желілерінің саны көбеюде. Заманауи маркетингтік технологиялар ендірілуде. Қазақстанның фармацевтикалық нарығының коммерциялық секторының жалпы көлеміндегі дәріхана желілерінің үлесі құндық мағынада тұрақты өсуде. Бағалар бойынша, 2020ж. еліміздің 80%-ға дейінгі коммерциялық фармацевтикалық нарығын дәріхана желілері реттейтін болады.
Дүние жүзінің көптеген елдерінде стационарлық және амбулаторлық деңгейдегі ДЗ формулярлық тізімдері бар, оларды созылмалы аурулары бар пациенттерге және сақтандыру медицинасы немесе ТМККК аясында тегін береді. Әр мемлекет ұлттық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саясатын, аурулар тізімін және соған сәйкес берілетін дәрілік препараттарды (ДП), оның бағасы мен дәлелді базасын анықтайды. Дегенмен барлық елдер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де ортақ қиын мәселе – бұл денсаулық сақтауға жұмсалатын қаржының өсуі, бұл ұлттық бюджеттегі осы мақсатқа жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлінуінің амалсыздан өсуіне әкеледі. Тіпті дүние жүзінің ең экономикалық дамыған елдері де соңғы он жыл ішінде пациенттерді инновациялық ДЗ-мен қамтамасыз етуге қаржының жетіспейтінін мойындайды»[16,17].
Соңғы 20 жылда нарықтағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу мақсат етіп қойылды. Дүние жүзі экономикасындағы дүние жүзілік қаржылық дағдарысты ескеретін болсақ, бұл міндетті қысқа уақыттың ішінде орындау мүмкін емес сияқты. Бірақ сол дағдарыстың өзі шетел компанияларының өндіріске қаржы жұмсауын белсендіріп, дамушы елдерде фармацевтикалық өндірістерді орналастыру үдерісін тездетуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстанда бұл үшін қажетті ерекше шикізат базасы бар.
Фармацевтикалық нарықта бірнеше жылда болған өзгерістер бірнеше заңды ұдерістермен, соның ішінде, фармацевтикалық меншіктің трансформация үдерісімен жүретін басқарудың нарықтық механизмге өтуімен, тауар өткізетін звенодағы мемлекеттік монополияның бұзылуымен, баға либерализациясыиен, сондай-ақ, әлемдік эконмикаға белсенді интеграциямен негізделеді.
«Қазақстан Республикасы мемлекетінің саяси тенденциясы отандық фармация өндірісінің дамуына жағдай жасау, әрі қарай республикада өндірілетін дәрілік заттарды қазақстандық фармацевтикалық нарыққа диверсификациялау болып табылады
Фармацевтикалық өнім шығарушылардың саясатында өз ассортиментін дамытудың мақсатты түрде екі нұсқасы ұсынылады:нарыққа толығымен жаңа брендтерді шығару;
қоржындағы бар атауларға жаңа тұтынушылық қасиеттерді қосу есебінен, олардың санын көбейту (бөлшектерді құрамдастыру, ұзарту, т.б.).
Осылайша, өнеркәсіптік фирмалар әрекетінің экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық жағдайларының айтарлықтай өзгерістері басқару талаптарын өзгертті.
Әлемдік нарықтағы үлкен күрес, экономикалық өсу мен техникалық прогрестің баяулауы өндірістің қайта құруын талап етті, себебі өндіріске ғылыми жаңаша техникалар мен технологияларды, ғылыми зерттеу нәтижелері жеткіліксіз болды. Бұл диверсификация капитал шоғырлануының анағұрлым кеңінен тараған түрі болуының себебін түсіндіреді»[18].
Эксперттердің бағалауы бойынша отандық өндіріс дәрілік препараттардың ішкі сұраныстың тек 20 %-ғана қамтамасыз етеді.Осылайша, жергілікті фармацевтикалық өнімнің тапшылығы болған жағдайда халық импорт арқылы өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мәжбүр болады. Бұл жаңа компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуы үшін біршама қолайлы жағдайлар болады.
«Фармацевтикалық препарат нарығының талдауы өткен бес жылда импорттың көлемі 974 685 мың доллардан бастап 1 219 385 мың долларға дейін ұлғайғанын көрсеткеніне қарамастан ең жоғарғы көрсеткішті 2013 жылы көрсеткен, содан кейін импорттың көлемі төмендеді.Зерттеулер 2010–2015 жылдары аралығында экспорт көлемі үнемі өсіп тұрғанын дәлелдеді, 2015 жылы фармацевтика өндірісі экспортының көрсеткіші 27 617 мың. долларды құрады.
2015 жылы 11403 тонна дәрі-дәрімектер және 297,7 тонна әр түрлі фармацевтикалық препараттар шығарылды. Олардың суммасы 2014 жылға қарағанда бес есе көп болды, дегенімен ақшалай жағынан 2014 жылға қарағанда өндіріс төмендеді. Дағдарыс кезінде дәрі-дәрімектің бағасы өзгерді, дегенімен маркетингтік зерттеулер оларға сұраныс кризиске дейінгі уақыттағыдай қалғандығын көрсетеді, себебі фармацевтикалық препараттар бірінші қажеттілік тобына жатады»[19].
«2015 жылы отандық компаниялар арқылы 32 млрд теңгеден аса қаржыға фармацевтикалық өнімдер өндірілді. Қазіргі таңда Қазақстанда 112 фармацевтикалық кәсіпорын бар. Оның 51-і дәрі-дәрмектерді, 61-і медициналық бұйымдарды өндірумен айналысады.
Сондай-ақ, рецепт бойынша берілетін дәрілерді сатып алу 2000-нан 3000 теңгеге дейін, ал рецепсіз босатылатын препараттар 500-1000 теңге аралығында.
“Бағаның қымбаттауынан халықтың сатып алу қабілеті айтарлықтай төмендеді. Бұдан бөлек халық біраз арзан дәрілерге тапсырыс бере алады. Сатып алушылардың таңдауына әртүрлі факторлар әсер етеді. Бірі дәріні дәрігердің тағайындауыменсатып алса, енді бірі бағасына және оның жарнамасына қарайды”, —дейді министрлік өкілдері»[20].
Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды даму үстінде және жақын болашақта украиналық нарықты басып озуы мүмкін. Бірақ бұл тек мына жағдайда болуы мүмкін: егер Ресейдің табысты мысалына жүгініп, Қазақстанның билік күштері отандық фармацевтерге қажетті қолдау көрсеткенде.
«2016 жылы Қазақстан экономикасы үшін өте қиын жыл болды. Бірақ экономика қиыныдығына қарамастан фармацевтикалық өнеркәсіп өндірісінің 2016 жылғы көлемі 2015 жылдың көлемінен 1,7 есе жоғары және бұл соңғы 5 жыл ішіндегі рекорд болды.Жалпы алғанда 2016 жылы 18 мың фармацевтикалық өнімдер өндірілді.
Табиғи өндіріс көлемінің артуына байланысты құн жағынан өндірісті талдау 2016 жылғы фармакологиялық өнімнің өндіріс көлемі 1 жылға есептелген теңгелік эквивалент бойынша әрине өсті (+14.1%), дегенімен доллардың құнсыздануына байланысты өндіріс көлемі 2015 жылы теңге 221,7 АҚШ долларынан (бастап жылына орташа бағам)2016 жылы теңге 342,2 АҚШ долларына дейін(бастап жылына орташа бағам) айтарлықтай қысқарды(-26,2%). 2016 жылы фармацевтикалық өндірістің жалпы көлемінің қорытындысы: ұлттық валютада -42,2млрд. Теңгені, шетел валютасында – 124 млн. АҚШ долларын құрады»[21].
Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі таңда ресейлік фармацевтикалық нарық ТМД елдерінің арасында дамыған болып есептеледі, ал медициналық препараттардың украиналық нарығы дамуы жағынан 2 жылға артта қалып қойды, ал қазақстандық нарық 4 жылға артта қалды. Ресейдегі фармацевтикалық саланың дамуында маңызды рөлді қосымша дәрілік қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы атқарады. Бұл бағдарлама мемлекет бюджетінен қаржы құралдарын бөлу есебінен нарық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туғызды.
«Қазақстанның дамуы дәрілік препараттар нарығына шетелдік өндірушілер де қызығушылық білдіреді. Сарапшылардың айтуынша, бірнеше шетелдік фармацевтикалық компаниялар Қазақстандағы өздерінің фирмалары мен өкілдіктерінің инфрақұрылымына күрделі инвестициялар салуды жоспарлап отыр. Бұл нарықта отандық фармацевтердің позициялары едәуір көзге түседі. Ірі украиналық компаниялар, атап айтқанда, «Дарница», «Фармак» және «Борщаговский ХФЗ» компаниялары нарықтың 57 % алып жатыр. Бірақ күшейіп жатқан бәсекелестікті және Қазақстан нарығының даму қарқынын есепке алғанда, нарық үлестерінің бөлінуі жақын уақыт аралығында өзгеруі мүмкін.
Қазақстанда қазіргі кезде 6000 препараттар бар, олардың 600 дәрілері Қазақстанда өндіріледі. Дәрілік заттардың нарық көлемі жалына 400 миллион АҚШ долларына бағаланады. Шетелдік фармацевтикалық компаниялардың 100 өкілдіктері қазақстандық нарықта әрекет етеді. Қазақстандағы дәрілік препараттардың ең ірі жабдықтаушылары болып Ресей, Германия, Франция және АҚШ саналады. 2006 жылдың бірінші кварталы бойынша отандық өндірушілер сату көлемнің екі реттік өсімін көрсетті.Сәйкесінше, республикада дәріханалық сату нарығының көлемі ұлғайды. Сонымен қатар көп жағдайда халық науқастанған кезде бірінші кезекте дәріханаға барады, ал дәрігерге соңғы сәтте барады»[22].
Қазақстан Республикасы мемлекетінің саяси тенденциясы отандық фармация өндірісінің дамуына жағдай жасау, әрі қарай республикада өндірілетін дәрілік заттарды қазақстандық фармацевтикалық нарыққа диверсификациялау болып табылады.

«Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен өндірісті диверсификация арасындағы байланыс өте қарапайым, себебі біріншісі екіншісінің бағыты мен тиімділігін анықтайды. Осылайша, диверсификациядағы дамудың бастапқы кезеңдеріне тән бағыттары шегіністерді, өндірістік қуаттарды, сауда-саттық желілерді баламалы пайдалану секілді объективті нысанға сүйенген және дәстүрлі өндірістің қаржылық мүмкіндіктерімен тығыз байланысты болды. Фирмалардың, сондай-ақ диверсификацияның даму шарасына қарай, пайда түсірудің мақсаты – капиталдарды саланың, өңірдің, ұлттық экономиканың 101 шегінен тыс миграциялау мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асты.Бүгінгі таңда, біздің көзқарасымызбен, нарықтық қатынас субъектісі әлі әрекет түрлерін жинақтауды басқару әдістерін игермеген, және диверсификация портфелі жеке тәжірибеде қалыптасады. Осыған байланысты, келесілер ұсынылады:


Шетелдік тәжірибелерді меңгеру мен академиялық гипотезаларды тексеруден отандық кәсіпорындарда жұмыс жасау мен гипотезаларды сараптамалық тексеру жұмыстарына өту қажет.
Кәсіпорындар байқау мен қателіктер әдісімен диверсификация портфелін қалыптастыруы тиіс.Кәсіпорынды қайта құрудың маңызды тәсілі болып қалатын диверсификация стартегиясын ойлап табу және осы негізде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату керек. Тауарды, біздің жағдайда, дәрілік заттарды ілгерілету саясаты өзекті болып табылатын сұрақты шешеді – фармацевтикалық кәсіпорындарда әзірленетін дәрілік заттардың тұтынушыларға барар жолы. Оның құрамында тұтынушыға өнімді қажетті көлемде жеткізіп беру үшін қажет болатын әрекеттің барлық түрі бар. Өткізу туралы шешім маркетингтің басқа құралдарымен үйлестірілген жағдайда ғана қабылданады»[23].
«Бүгінгі таңда дәріханалық жүйеде және фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарында шоғарландырма моделін пайлана бастады, мысалы дәрілік заттар мәртебесін рецепттіктен рецептсізге ауыстыру туралы мәселені талқылау үшін. ҚР-ндағы фармацевтикалық өндірістің дамуы туралы қазіргі кездегі ғылыми әдебиеттердің дереккөздерінен алынған мәліметтер негізінде отандық препараттардың диверсификациясының негізгі қиын мәселелері анықталды»[24].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет