ҚОРЫТЫНДЫ Қортындылай келе мен осы екі апталық іс тәжірибе кезінде, өзім оқып жатқан мамандық жайлы толық мәліметтерді өз қоржыныма толықтырдым. Өз мамандығымызбен толық таныса отырып,өзімізге керек көптеген мәліметтерді жазып алдық. Сонымен қатар Word, Excel сияқты сайттармен жұмыс істеуді үйрене отырып, оның қандай артықшылығы бар екенін, қалай жұмыс істеу керектігін үйрендік. Және де онымен тоқталмай біздің универде бұл мамандық қашаннан бастап оқытылып жатқанын ,кафедраның қандай жетістіктері бар екенін ,бұл салада қанша студент өзін көрсете білгендігі жайлы тың ақпараттармен таныса отырып өзімізге түртіп алдық.Ол студенттердің жасаған дүниелері біздің қолымыздан да келетіні анық.Немесе одан да мықты маман болып шығатынымызға сенімдімін. Ол үшін тек жақсы оқу қажет.Универден басқа да өзіміз ізденіп қосымша оқып ол кісілер жасағаннанда үлкен дүние жасай аламыз.
Біздің универдің жетістігіде аз емес екені әрине бізді қуантты.Онымен шектелмей біз кітапханаға да барып мәлімет толықтыра отырып , есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы яғни біз қазір оқып жатқан мамандық туралы кітаптарды көріп, олармен жақын таныстық.Кітапханадан өзіміздің мамандық жайлы ғана емес,біз ол жерден Шәкәрім Құдайберді атамыздың өмірі ,балалық шаңы қаалй өткені жайлы, қандай жалалар жабылып,қалай қайыс болғаны туралы білдік. Жәнеде қандай жетістіктерге жеткені ,жеке шыңармашылығы жайлы толық мағұлмат , ақпараттар алдық.Барлығы өзінің кітапханадан алған ақпараттарымен бөлісіп, талдау жасап өттік,әркім өзінше бір тың ақпараттарымен бөлісті. Шәкәрім университеті туралы ақпаратты да мұғалім бізбен бөлісті. Қай жылы ашылып ,қандай тарихы бар екені жайлы да білдік .
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің IT мамандығында оқитын білім алушыларымен Алихан Бөкейханов атындағы университетінде кездесуі өтті. Бұл кездесудің негізгі мақсаты цифрлық сауаттылық жайлы мәлімет алу. Қоғамдағы орны ,болашақта қандай жаңа мүмкіндіктері барын біліп қайттық.Онымен қоса Семей қаласы маңындағы кішкене ауыл*-аймақтағы интернет желісі жайлы толық айтып өтті.Кей бір тұлғалардың да жеке сұрақтарына жауап берді. Осы іс- шара арқылы болашақ IT мамандары ретінде біздің мамандықтың қоғамдағы орны ерекше екенін түсіндік.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Microsoft Access — Уикипедия (wikipedia.org) Microsoft Office Word — Уикипедия (wikipedia.org) Microsoft Excel — Уикипедия (wikipedia.org) Шәкәрім университетінің ресми сайты (shakarim.edu.kz)