Кафедра Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы (атауы) 6В06104- Есептеутехникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету білім беру бағдарламасы бойынша (код / ББ атауы) Іс-тәжірибе ЕСЕБІ
Оқу іс-тәжірибесі (іс-тәжірибе түрі)
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің "Автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және қала құрылысы" кафедрасы (іс-тәжірибеден өту орны)
КІРІСПЕ Ақпарат технология ( ағылш. information technology, IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. «Ақпараттық технологиялар» термині алғаш рет 1958 жылы Гарвард Бизнес мәжілісінде қозғалды. Кейіннен бұл термин қолданысқа еніп, қазіргі кезге дейін қолданылуда. IТ саласы бүгінде қарқынды дамып келеді. Себебі, дамушы кезенді жаңа дамыған технологиясыз елестету мүмін емес.
20 ғасырдың соңғы онжылдығында информатика мен телекоммуникацияның жақындасуы компоненттерді миниатюризациялауға ықпал етеді, бұл 2000 жылдан бастап "көпфункциялық" құрылғыларды қол жетімді бағада шығаруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологиялар бүгінде қарқынды дамып келеді. Бірнеше онжылдықтарIT мамандарына инновацияны енгізу жылдамдығына байланысты қысым артты: респонденттердің 90%-ы жұмыс көлемінің артқанын мәлімдеді.
Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft Acces – ке анықтама және пайдалану жолдары
Microsoft Office Word - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады.
Microsoft Еxcel- график тұрғызу, күрделі функциялар арқылы есеп-қисап жүргізу және бірнеше жұмыс кітаптарымен қатар жұмыс үшін қолдданылады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. MS Excel программасы кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу үшін арналған. Сол себептен бұл программа электрондық кесте деп аталады.
Microsoft Access- кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы.