Білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған дәрістер жинағы Алматы 2021


Дәріс № 14. Аймақтық теориядағы металдар, өткізгіштер мен



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата14.10.2023
өлшемі1,3 Mb.
#114079
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40
14.Дәріс № 14. Аймақтық теориядағы металдар, өткізгіштер мен 
 жартылай өткізгіштер
 
Дәрістің мазмұны:
дәрісте қатты дене физикасының элементтері 
оқытылады. 
 
Дәрістің мақсаты: 
Аймақтық теориядағы металдар, өткізгіштер мен 
жартылай өткізгіштер құрылымын, электрондардың деңгейлерге таралуын 
оқып үйрену; энергетикалық деңгейлер түрін және 
p-n
ауысу принципін 
қарастыру. 
14.1 Кристалдардағы электрондардың энергетикалық спектрінің 
аймақтық құрылымы 
 
Металдардағы еркін (нөлдік жуықтау) электрондар металдардың электр 
өткізгіштігін және басқа қасиеттерін жақсы түсіндіреді, бірақ басқа қатты 
денелердің осы қасиеттерге неге ие бола алмайтынын түсіндіріп бере алмайды.


61 
Кристалда электрондар тордың периодтық өрісінде қозғалады деп 
қарастырылады. Бұл жағдайда электрондардың энергияларының мүмкін 
мәндерінің спектрлері кезектесіп орналасқан 
рұқсат етілген және тыйым 
салынған аймақтарға 
топталады.
Энергетикалық аймақтардың пайда болуын, атомдық дискретті 
деңгейлердің кристалл тордағы атомдармен әсерлесуінен жіктелетіндігімен 
түсіндіруге болады. Электрондар Паули принципіне бағынатындығы
әсерлесуші 
атомдардың 
бірдей 
энергетикалық 
күйлерінің 
мүмкін 
болмайтындығына әкеліп соғады.
Әрбір рұқсат етілген аймақ бір-біріне жақын орналасқан деңгейлерден 
тұрады. Олардың саны кристалдағы атомдар санына тең. Рұқсат етілген 
энергетикалық аймақтар тыйым салынған аймақпен бөлінген. Тыйым салынған 
аймақта энергетикалық деңгейлер болмайды.
Кристалдағы атомдардың энергетикалық деңгейлерінің жіктелінуі 28.1 
суретте көрсетілген. Паули принципі бойынша электрондар рұқсат етілген 
энергетикалық аймақтардың ең төменгі деңгейінен бастап, әртүрлі күйлеріне 
таралып орналасады.
Сонымен, кристалдарда электрондардың энергетикалық спектрі 
аймақтық құрылымға ие болады. Аймақтар ені кристалдың өлшеміне тәуелсіз. 
Кристалдағы атомдар саны неғүрлым көп болса, аймақтағы деңгейлер 
соғұрлым жиірек орналасады. Рұқсат етілген аймақ ені бірнеше электрон-
вольтқа тең. Егер кристалдағы атомдар саны 
болса, аймақтағы деңгейлер 
ара қашықтығы шамамен 
болады. Әрбір энергетикалық деңгейде 
спиндері қарама-қарсы екі электрон бола алады.
Атомдардың белгілі бір қасиеттеріне байланысты рұқсат етілген аймақ 
арасында ені 
ΔW 
болатын тыйым салынған аймақ болады, немесе көршілес 
аймақтар қабаттасып кетеді. Атомдардың валенттік электрондары рұқсат 
етілген аймақтардың бірінде толығымен немесе жартылай толып орналасуы 
мүмкін (28.2 сурет). Бұл аймақ
валенттік аймақ
деп аталады. Одан жоғары бос 
аймақтар орналасқан. 
14.1 сурет 
N
23
10
эВ
23
10



62 
Кристалдардың өткізгіштігі ондағы электрондардың энергетикалық 
спектрінің аймақтық құрылымына және 
температурада осы аймақтың 
электрондармен толуына байланысты. Осы қасиеттер арқылы кристалдардың 
металл, диэлектрик немесе жартылай өткізгішке жататынын анықтауға болады. 
14.2 сурет 
Толтырылған 
және 
жартылай 
толтырылған 
аймақтардағы 
электрондардың қасиеттері әртүрлі. Егер аймақ электрондармен жартылай 
толтырылған болса, әлсіз электр өрісінің өзі осы аймақ ішіндегі электрондарды 
бос күйлерге өткізе алады. Электрондар қозғалысының орташа жылдамдығы 
нөлден өзгеше болып, кристалда электр тогы пайда болады. Сондықтан кез 
келген 
жартылай 
толтырылған аймақ 
өткізгіштік аймақ
болып табылады. 
Егер 
Т=0К
кезінде валенттік аймақ толық толтырылған болса, кристалл 
изолятор немесе жартылай өткізгіш болып табылады. Мұндай кристалды 
қыздырғанда жылулық ауытқу әсерінен валенттік аймақтағы электрондардың 
қандай да бір бөлігі көршілес бос аймаққа өтіп кетеді. Нәтижесінде екі аймақ 
та өткізгіштік аймаққа айналады. Егер тыйым салынған аймақтың ені 
бірнеше электрон-вольт болса, онда мұндай электрондар саны өте аз болады. 
Сондықтан тыйым салынған аймақтың ені үлкен болатын кристаллдар 
диэлектриктер 
деп аталады. Егер кристалдағы тыйым салынған аймақтық ені 
эВ болса, онда ол 
Т > 0 
температурада жартылай өткізгіш болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет