Л.Н.Толстой атындағы орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылында денсаулығына байланысты бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды қажет ететін 1 «Ж» сынып оқушысы Досымбет Нұрхатқа МІНЕЗДЕМЕ 1. Оқушы туралы жалпы мәлімет: а) Досымбет Нұрхат Берікұлы
Туған жылы, күні, айы: 2015 жылы 24 ақпан
в) Әкесі – Досымбет Берік Аманқұлұлы
анасы – Кемелова Айман Абдикадыровна
Нұрхат 2022 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап мектепке қабылданды.Психологиялық- медициналық-педагогтік консультацияның негізінде Нұрхатқа айқын психикалық дамудың тежелісі,мінез-құлқының бұзылуы,жалпы сөйлеу тілінің дамымауының 1-2 деңгейі деген қорытынды жасалған. Денсаулығына байланысты ерекше білім беруді қажет етеді.
Отбасылық жағдайы: толық отбасында тәрбиеленуде. Анасы қазіргі кезде жұмыссыз. Әкесі жүргізуші болып жұмыс атқарады.Отбасында Нұрхаттан басқа тоғызыншы сыныпта оқитын ұл бар. Аты- Рахат. Рахат- тәртіпті бала, сабаққа деген ынтасы жақсы . Әлеуметтік жағдайы жақсы. Өз үйлерінде тұрады.
Л.Н.Толстой атындағы орта мектебінде Нұрхат 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Ерекше білім беруді қажет етеді» жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқып келеді.
Денсаулығына қарай Нұрхат басқа адамның көмегін қажет етеді.Сондықтан Нұрхаттың қасына педагог – ассистент тағайындалған.Педагог – ассистент үнемі Нұрхаттың қасында болады.Өйткені Нұрхат өздігінен орнынан тұрып кете береді,айқайлайды,жылайды,өз киімін өзі шешіп кие алмайды.
Нұрхаттың тілі жетілмеген,анық сөйлей алмайды . Қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды; өйткені ол сұрақтын мағынасын түсінбейді.
Мінездік ерекшеліктері: Отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы жақсы, бірақ денсаулығына байланысты тез жалығады, сабаққа қызығушылығы төмен.
Нұрхаттың зейін деңгейі өте төмен.Есте сақтау қабілеті нашар.Үйреткенді жылдам ұмытып қалады, қабылдауы нашар.Тез шаршатпау мақсатында денсаулық ерекшеліктеріне сәйкес оңай тапсырмаларды орындатамын,сабақта көбінесе суреттерді пайдаланып тапсырмаларды ауызша орындатамын.
Қарындаш, қаламмен жұмыс жасағанда өздігінен сызық, штрихтарды бастырып сыза алмайды.Берілген суреттерді өздігінен бояуды білмейді.Суық түстер мен жылы түстерді атай алмайды. Оқуға бейімділігі төмен.Суреттерді көрсетіп , жұмыс жасағанда көп сөздерді түсініксіз айтады. Қызығушылығы жоқ, сабақ болып жатқан уақытта жан – жағына қарап ойнап отырады.
Әріптерді, сандарды мұғалімнің көмегімен бастырып жазады, өздігінен бояп, жаза алмайды.
Ұсыныс: 1. Нұрхатты денсаулығының қорытынды диагнозы негізінде үйден оқытуға ауыстыру керек.
Мектеп директоры Г.Райсбекова
Сынып жетекшісі А.Ахметджанова