Ісіктердің клиникалық белгілері Ісіктерге диагноз қою үшін ветеринарияда клиникалық, патологиялық және
рентгенологиялық әдістер қолданылады.
Ауру малды ең алдымен мұқият клиникалық тексеруден өткізеді, жалпы зеттеумен
бірге ісікті қолмен басып көреді. Оның көлемі мен сипатын, тығыздығын және ісіктің
қоршаған тоқымаларымен қарым -қатынасын анықтайды. Сонымен қатар ісік барысында
метастаз және аумақтық лимфа түйіндерінің жағдайына көңіл бөледі. Ісікті көп жағдайда
созылмалы продуктивті қабынудың бір формасы мен қателестіріп алуға болады. Сол
себептен ісікті қабыну процесіне ажырату үшін ескертетін жағдай қабыну кезінде
тоқымалардың диффузды ісінуі белгілі көлемсіздігі, қоршаған тоқымалармен тығыз
байланысуын ескерген жөн. Ісіктер көп жағдайда белгілі көлемде және инкапсуляциялы
болады [7].
Ісіктер көбінесе байқалмайды, олардың дамуы үдемелі, жалғастырмалы болады.
Қатерсіз ісіктер қозғалмалы, қатерлі ісіктер қоршаған ортамен тығыз байланысты болады.
Сонымен қатар олардың сырт пішіні кедір бұдырлы.
Мұндай ісіктер ыдыраған кезде ойылымды жаралар пайда болады. Диагностикалау
әдісінің ішіндегі ең нәтижелі рентгенді зерттеу. Бұл тәсіл сүйектің, қарынның және
өкпенің ісіктерін анықтауда қолданылады.
Ісіктердің этиологиясы, патогенезі, болжамы Ісік дегеніміз –клеткалардың тоқтаусыз шексіз көбеюімен сипатталатын сырқаттық
процесс. Ісік этиологиясы. Ісіктердің туындау себептері жөнінде көптеген деректер бар.
Бұл мәселенің шешімі толық емес. Ісік этиологиясы 4 түрлі дерек бар.
Вирустық –генетикалық
Физика-химиялық
Дисонто генетикалық
Коли этиологиялық
Ісік бір бастамалы және көп бастамалы болады. Сүт безінің ісігінің хирургиялық
оперативтік емі бар. Көбнесе ит пен мысықта кездеседі. Консервативті емі жоқ.
Оперативтік емі бар. Мысалы, 1. Итті әкелгеннен кейін аминозин береміз. Дозасы
жануарлардың 1 кг салмағына 0,3 мл салады. Жарты сағаттан кейін жануарлардың
қозғалысы тежейді. Ең алдымен теріні алып, түгелдей ісікті алып тастау керек. Терінің
астына 1 айызды новокаин ертіндісін инъекциялаймыз. Түбінен 4 нүктеден 1 пайызды
новокаин саламыз, жансыздандырамыз. Техникасы: операциялық перчаткамен істеу керек,
эпидермис, дерма, шел қабатын осы терінің 3 қабатын кесеміз [11].
Клиникалық тұрғыдан ісіктерді қатерлі және қатерсіз деген топтарға бөледі.
Қатерсіз ісіктердің өсіп-жетілуі жоғарғы деңгейге жеткен клеткалардан тұрады,
сондықтан олардың қандай мүшелерден тұрғанын анықтау қиынға түспейді. Бұл ісіктер
экспансивті жолмен баяу өседі. Қатерсіз ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-
жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу бінеді,
ауырсыну, функциясының бұзылуы болады. Қызарады, түйін пайда болады, Ісік пайда
болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кетеді. Эпидерміс қабатында шұрық
тесіктер пайда болады, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл
қою ірің ағады. Дене қызуы 44ºС көтеріледі.