42
реакциясының күші, айқындалуы жоғарғы жүйке жүйесіне тікелей байланысты, сол
сияқты, тітіркенген жердің көлеміне, массаждың методикасы мен тәсілдеріне, аурудың
біліну белгілеріне де тығыз байланысты. Тағы бір көңіл аударатын мәселе – массаждың
тиімділігінде үлкен роль атқаратын – гуморалды фактор. Массаждың әсерімен
ұлпалардың ішінде жоғарғғы активті (белсенді) зат құрылады. Ол қан айналымын және
зат алмасуын үдетеді. Міне, соны гуморалды зат дейді. Массаж денедегі барлық сұйық
заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтың,
ұлпалардың өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын
арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын
көтереді. Сонымен массаждан жүйке импульстары ағындап, мми қыртысына келеді. Онда
қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады. Олар сол жүйке талшықтары
арқылы денедегі мүшелерге беріледі. Олардың жауап реакциясы бойындағы аурудың
өршуіне не өшуіне әсер етеді. Осыған орай емдік массажды тек тәжірибелі маман жасау
керек деген ұғым туады. Массаждан кейін жауар денесі сергіп, рахатттанып, көңіл – күйі
көтеріліп, жылынып, ауырған жері басылады. Кейбір кезде бойда ширақтық аңғарылса,
басқа жағдайда керісінше, ұйқы басып кетеді. Массаж дұрыс орындалмағанда, массаждың
өзіне тән талаптары бұзылғанда немесе аурудың асқынып, массаж болмайтын кезінде
организм массажды көтере алмайды. Сондықтан массажды аурудың ерекшелігіне
лайықтап жасау керек. Кейбір ғалымдар массаждан кейін дененің қызарып, талаурап, қаты
ауыратын жағымсыз реакцияларын көрсеткен. Бұл көбінесе жасы келген қарияларда
байқалады. Сол сияқты науқасты дұрыс жатқызбаса да осындай жағымсыз реакция береді.
Ішкі ағзалардың функционалды қызметін, науқастың ауырған жерін анық білмей массаж
жасауға болмайды. Массажды зерттеген ғалымдар оның орталық жүйке жүйесіне, қан
тамырына, теріге, бұлшық еттерге, буындарға, зат алмасуына үлкен әсер ететінін айқын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: