Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


«Жас түріктер» революциясы басталған жыл



бет18/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42
2.«Жас түріктер» революциясы басталған жыл
Жас түріктер төңкерісі (1908) — Түркияда болған прогресшіл жастар төңкерісі. Сұлтан Абдулхамид ІІ-нің жеке билігін жойып, мемлекетте конституциялық құрылыс орнату мақсатын көздеді. Төңкеріске “Бірлік және прогресс” атты құпия ұйым басшылық жасады.
1908 жылы 3 шілдеде лейтенант Ниязи басқарған, 6 шілдеде майор Әнуар басқарған түрік партизандары көтеріліске шықты. Бірнеше күннен кейін көтерілісшілерге Македониядағы түрік әскерлері бөлімдерінің көпшілігі қосылып, оларды македон және албан партизандары да қолдады. 23 шілде күні көтерілісшілер Македониядағы Салоники, Монастыр, т.б. ірі қалаларды басып алды. Қарсылық көрсетудің пайдасыз екеніне көзі жеткен Абдулхамид ІІ парламент шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Жас түріктер төңкерісінің жеңіске жетуі елде жаппай көтеріңкі рух туғызып, “Бостандық, теңдік, бауырластық, әділдік” ұранымен салтанатты жиындар мен шерулер болып өтті. Абақтыға жабылған, айдалған ондаған мың адамдар босатылып, цензура жойылды. Елде конституциялық құрылыс орнады. Бірақ үкімет басына келгеннен кейін жас түріктер өздерінің көптеген уәделерін орындай алмады. Шаруаларға жер бөлініп берілмеді, жұмысшы ереуілдері басып тасталды. Бұл бұқара халықтың наразылығын туғызды. Ірі державалар елдің ішкі-сыртқы саясатына араласа бастады. Жас түріктер сыртқы саясатта Германиямен одақтасып, Түркияны бірінші дүниежүзілік соғысқа киліктірді.
«Жас түріктер» қозғалысы. XIX ғасырдың соңында реформаторлықтың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдары басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуының және оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылғы Стамбұлда «Бірлік және прогресс» (Иттихад ве теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері провинциялары мен шетелде де құрылды. ¦йымның алға қойған жақын арадағы мақсаты – конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүгізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді . Бұл қозғалыстың өкілдерін жас түріктер деп атады.
XX ғасырдың басында Осман империясының халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрген кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әсерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түрік революцияның басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы шілденің 2-де 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатады. 1909 жылы жас түріктер II Абдул Хамит сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. 1908 жылғы жас түріктер револлюцияны Осман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді.
Өкімет келген жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық биліктеріне көшу империяның шет аймақтарында ұлттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. ¦лттық қозғалыс жетекшілеріме тіл табыса алмаған жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцеговинаны аннексиялады. 1911 жылы Ливиядағы түрік иеліктерін Италия басып алды. Түрікь үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет империяны сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған жас түріктер империяның күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны артқа тұтқан Осман империясы бірінші дүниежүзілік соғысқа үштік одақ жағында араласты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет